AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 1000-нан астам атау: алматылықтар мен қала қонақта...

1000-нан астам атау: алматылықтар мен қала қонақтары демалыс күндері фермерлік өнімдерді қайдан сатып ала алады

Әлеумет 17.04.2026, 10:38 517
1000-нан астам атау: алматылықтар мен қала қонақтары демалыс күндері фермерлік өнімдерді қайдан сатып ала алады

«Алматы» ӘКК шаһар тұрғындары мен қонақтарын демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерге шақырады. Апта сайын ұйымдастырылатын уақытша сауда алаңдары 305 саудагер мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің басын қосады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

1000-нан астам түрлі өнім Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының фермерлік және жеке шаруашылықтарынан, сондай-ақ Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысынан жеткізіледі. Ұсынылатын тауарлар қатарында жаңа сойылған ет, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс, сүт өнімдері, шұжық, бал және өзге де азық-түлік бар.

Жыл басынан бері жәрмеңкелерде шамамен 7,5 мың тонна азық-түлік өнімі сатылды.

Бағаны тұрақтандыру шаралары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары делдалсыз тікелей жеткізілім есебінен нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылады.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

− Бостандық ауданы: «Қазақфильм» шағынауданы;

− Әуезов ауданы: Рысқұлбеков көшесі 33/2;

− Медеу ауданы: Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы;

− Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің арасы.

Апта сайын жәрмеңкелерге келушілер саны 45 000 адамнан асады.

Қазіргі уақытта «Алматы» ӘКК АҚ Бостандық ауданы («Қазақфильм» шағынауданы) мен Әуезов ауданындағы (Өтеген батыр көшесі — Абай даңғылы) екі демалыс күнгі жәрмеңкені кезең-кезеңімен жаңғыртып жатыр. Жоба инфрақұрылымды жетілдіруге әрі сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жаңғырту аясында жәрмеңкелер қала дизайн-кодына сәйкес бірыңғай сәулеттік стильге келтіріледі. Жабық және ашық сауда павильондары, мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген санитарлық тораптар, автотұрақтар, аялдамалар, қоғамдық тамақтану орындары және көркейтілген қоғамдық кеңістіктер салу қарастырылған.

Жобалар жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар жәрмеңкелердің әлеуметтік сипаты сақталып, кәсіпкерлер мен жергілікті өндірушілер үшін қолжетімді жағдай қамтамасыз етіледі.

Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін «Алматы» ӘКК жәрмеңкелерді басқарып, бекітілген бағаның сақталуын бақылайды. Жаңартылған алаңдардың ашылуы жөнінде биыл мамыр айында құрылыс аяқталған соң қосымша хабарланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);