конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 100-ге жуық қазақстандық ғалым Ресейде еңбек етіп...

100-ге жуық қазақстандық ғалым Ресейде еңбек етіп жүр

Білім және ғылым 24.07.2023, 09:09 1,213
100-ге жуық қазақстандық ғалым Ресейде еңбек етіп жүр
Сурет: видеодан алынды

Жас мамандар болашақта еліміздің ғылымына елеулі үлес қосуды мақсат еткен.


Ресейде орналасқан Біріккен ядролық зерттеулер институты ауадағы ауыр металдарды анықтау үшін фикус пен эвкалипт дәрілерін жасап шығарды. Жалпы аталған институтта 18 елдің ғалымдары еңбек етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның ішінде қазақстандық жас ғалымдар да бар.


Соңғы 20-30 жылда біріккен ядролық зерттеулер институтында ірі, ілкімді жобалар қолға алынды. Бес жаңа элемент синтезделді. Мұнда 100-ге жуық қазақстандық ғалым еңбек етіп жүр. Жас мамандар болашақта еліміздің ғылымына елеулі үлес қосуды мақсат еткен.



«Қазақстаннан келген ғалымдардың басым бөлігі ядролық реакциялар зертханасында жұмыс істейді. Олардың көмегімен ірі зерттеулер жасалды. Ендігі жаңа аса ауыр элементтердің жаңа химиялық қасиеттерін зерттеу жұмыстары жүргізілуде», - дейді Ядролық реакциялар зертханасының директоры Сергей Сидорчук. 



Зертхана қолданбалы сипаттағы іргелі зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар, ауыр иондардың әртүрлі материалдармен әрекеттесуін зерттеу жұмысы да жоғары деңгейде жүргізілуде.



«Осы лабораторияда Қазақстаннан 21 адам еңбек етеді. Оның алтауы PhD дәрежесіне ие. Барлық қызметкерлер әртүрлі салада қызмет атқарады. Олар фундаментальді физика, соның ішінде атап айтатын болсақ, ауыр ядролардың бөліну кезіндегі болатын процесстерді зерттейді. Осы қызметкерлердің барлығы дерлік Қазақстандағы ғылыми институттармен тығыз байланыста», - дейді ғылыми қызметкер Данияр Беріков. 



Зертхана қызметкерлері Қазақстандағы түрлі ғылыми байқауларға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінуде. Сонымен қатар 2019 жылы Алматыдағы ядролық физика институтымен бірігіп, нейтронды радиография томография құрылғысын құрды. Бұл Қазақстандағы аналогы жоқ жалғыз құрылғы.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғалымдар #жетістік #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алан мен Айлин: еліміздегі ең танымал және ең сирек есімдер тізімі

Бүгін 14:10

Қазақстанда инфляция қарқынының төмендеуі байқалды

Бүгін 13:06

Креативті кластер бой көтереді

Бүгін 12:05

Сайраннан Тұңғыш Президент саябағына дейін: Алматының қоғамдық кеңістіктері жаңарып келеді

Бүгін 11:42

Көктөбеде аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткей ашылды

Бүгін 11:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);