конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 10 қаңтарда Қазақстан мектептерінде шахматтан олим...

10 қаңтарда Қазақстан мектептерінде шахматтан олимпиада басталады

Әлеумет 13.12.2022, 07:01 1,053
10 қаңтарда Қазақстан мектептерінде шахматтан олимпиада басталады
Сурет: Mosigra.ru

«Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асырылып жатыр.


Биыл Қазақстанда алғаш рет өтетін шахматтан республикалық олимпиада өтеді. Оған 100 мыңнан астам оқушы қатысады. Іріктеу сайыстарына 2-11 сынып оқушылары қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Олимпиада 10 қаңтарда Қазақстанның барлық өңірі мен мектебінде басталады. Осындай іс-шаралар ұйымдастыру арқылы министрлік еліміздегі шахмат қозғалысына қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.



«Президенттің қолдауымен «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Шахмат факультатив ретінде 28 мыңға жуық балаға арналған 654 мектепте енгізілді. Сондай-ақ мектептерде шахмат секциясының саны 10 мыңнан асты. Шахмат қозғалысын одан әрі қолдау мақсатында биыл министр Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасымен оқушылар арасында шахматтан олимпиада өткізілгелі отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталады. Бұл оқушылардың шахмат қозғалысына қызығушылығын оятуға септігін тигізеді. Бұл - мектеп, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұратын ауқымды турнир. Әр мектептің қатысқаны маңызды», – дейді Орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.



Мектептерде ашылған секциялардан бөлек, 60 мың оқушы қосымша білім беру ұйымдарындағы 3,5 мың шахмат үйірмесінде шахматпен айналысады.


Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов министрлік пен Шахмат федерациясы арасындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, шахмат турнирлерін өткізу және жаттықтырушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша бірлескен жұмысқа қатысты келісімдер туралы айтқан болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #олимпиада #мектеп #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09

Алматыдағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін

Кеше 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);