10 наурызда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарындарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 10 наурызда түнде жолдарда көктайғақ. 10 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Атырау қ.: 10 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
10 наурызда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 10 наурызда түнде көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі.
2025 жылдың 11-13 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында температуралық фонның күрт жоғарылауына байланысты (Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында +5+7°С дейін, Сырым және Қаратөбе аудандарында +7+9°С дейін, Орал қ., Тасқала, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарында +8+10°С дейін) қарқынды қар еру, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.
10 наурызда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
10 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 10 наурызда түнде тұман күтіледі.
Қонаев қ.: 10 наурызда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
10 наурызда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 10 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.
10 наурызда түнде Қарағанды облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Қарағанды қ.: 10 наурызда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
10 наурызда Қостанай облысында түнде облыстың солтүстік жартысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Костанай қ: 10 наурызда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 10 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. 10 наурызда таңертең және күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жезқазған қ.: 10 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. 10 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.
Өскемен қ.: 10 наурызда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. 10 наурызда түнде Абай облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.
Семей қ.: 10 наурызда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
10 наурызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 10 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
10 наурызда Павлодар облысында күндіз қар күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 10 наурызда күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Астана қ.: 10 наурызда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с.
10 наурызда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Көкшетау қ.: 10 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі.
10 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 10 наурызда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. 10 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 10 наурызда жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с. 2025 жылғы 7-10 наурыз аралығында жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарлауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.