AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / 10 медаль және тарихтағы тұңғыш алтын: қазақстанды...

10 медаль және тарихтағы тұңғыш алтын: қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында топ жарды

Спорт 24.08.2026, 12:03 211
10 медаль және тарихтағы тұңғыш алтын: қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында топ жарды
ҚР Дзюдо федерациясы

Спортшыларымыз үш алтын, үш күміс және төрт қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық жарысында алғаш рет жеңіске жетіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Әлем біріншілігі Эквадордың Гуаякиль қаласында өтті.

Командалық чемпиондық атақ қазақстандық дзюдошылардың жекелей жарыстардағы рекордтық көрсеткішінің жалғасы болды. Спортшыларымыз үш алтын, үш күміс және төрт қола – барлығы 10 медаль жеңіп алды. Ұлдар командалық есепте бірінші, ал қыздар екінші орынға ие болды. Фатима Супығалиева жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық дзюдошы ретінде тарихқа енді.

Бұл жетістіктер Туризм және спорт министрлігінің Қазақстан дзюдо федерациясы және «Жеңіс» клубымен бірлескен жүйелі жұмысының нәтижесі болды. Париждегі Олимпиада ойындарынан кейін Министрлік құрама командаларды даярлау тәсілдерін жаңартуға кірісті. Отандық бапкерлер Эцио Гамбаның командасын қоса алғанда, жетекші шетелдік мамандармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Ал жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамаларды даярлау үдерісі бірыңғай әдістеме аясында біріктірілуде.

«Біз біртұтас даярлық жүйесін қалыптастырып жатырмыз: жасөспірімдер – жастар – ұлттық құрама – Олимпиада ойындары. Спортшы бір жас санатынан екіншісіне өткен кезде дайындықты қайта бастамауы тиіс. Ол бірыңғай талаптар, ғылыми сүйемелдеу және нақты даму траекториясы қамтылған ортақ модель аясында жұмысын жалғастырады. Командалық алтын мен жекелей жарыстардағы рекордтық он медаль – жаңа жүйенің тиімді жұмыс істеп жатқанының нақты дәлелі. Ендігі міндетіміз – осы тәжірибені басқа спорт түрлеріне кезең-кезеңімен енгізу», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Бірыңғай модель жаттығу үдерісін ғылыми тұрғыдан талдауды, функционалдық диагностиканы, жүктемелерді жеке жоспарлауды, спорттық медицинаны, қалпына келтіруді және әр спортшының даму динамикасын тұрақты бақылауды қамтиды. Бұл жұмыста құрама командаларды ғылыми және талдамалық сүйемелдеумен қамтамасыз ететін Ұлттық спорт университеті маңызды рөл атқаруы тиіс.

Осындай тәсілдер жетекші отандық және шетелдік мамандарды тарта отырып, семсерлесу, бокс, күрес және басқа да спорт түрлеріне жүйелі түрде енгізілуде. Дзюдодан Қазақстан құрамасының нәтижесі спорт резерві мен ұлттық командаларды даярлаудың жаңа жүйесінің тиімділігін айқын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #дзюдо #Әлем чемпионаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Бүгін 20:02

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақаттан кейін ер адамды толық қалпына келтірді

Бүгін 18:45

«Кітап оқитын университет»: Студенттер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуда

Бүгін 18:39

Кайрат Сатыбалдының Алматыдағы Hilton отелі миллиардтарға сатылымға қойылды

Бүгін 18:00

Алматыдағы ескі базар үлкен сауда үйіне айналды

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);