Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 1 қыркүйекте Алматыда 12 жаңа мектеп ашылады

1 қыркүйекте Алматыда 12 жаңа мектеп ашылады

Барлығы 21.08.2025, 16:11 717
1 қыркүйекте Алматыда 12 жаңа мектеп ашылады
Алматы әкімдігі

Алматыда оқушы орнының тапшылығын азайтып, білім беру мекемелерін жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектептері» мен «1300 мектепті оңалту» ұлттық жобасы жүйелі түрде іске асып жатыр. Биыл 1 қыркүйекте қалада   12 жаңа мектеп ашылмақ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында  Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов осылай деп мәлімдеді.

Жалпы, «Келешек мектептері» жобасы аясында 34,8 мың оқушыға арналған 21 мектеп салынып жатыр. Оның ішінде 13 мектеп «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының қатысуымен қолға алынған. Былтыр бір мектеп пайдалануға берілсе, жаңа оқу жылының алғашқы күні тағы 7 мектеп есігін ашады. Бұдан бөлек, тамыз айының соңына дейін тағы 5 мектептің құрылысы аяқталып, қыркүйекте ашылмақ.

Қосымша 8 мектеп жеке инвесторлардың қатысуымен «сатып алу» механизмі арқылы салына бастады. Соның ішінде екі мектеп биыл қыркүйекте іске қосылады. Тағы екі мектеп 2025 жылдың желтоқсанында, қалған төртеуі жыл соңына дейін ашылмақ.

«1300 мектепті оңалту» жобасы аясында 2025–2027 жылдарға арналған Алматыдағы 31 білім беру мекемесінің тізімі жасақталды. 2025 жылы 15 мектепте, 2026 жылы – 9, 2027 жылы – 7 мектепте осындай жұмыс жоспарланған. Бес нысанда құрылыс пен қайта жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен «Зерделі» шағынауданында 550 орындық мектеп салына бастады. Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа мектеп сатып алу жоспарланған, ол 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа берілмек.

Қалада қосымша 3 мыңнан астам оқушы орны құрылатын 13 мектеп пен 8 қосымша ғимаратты сейсмикалық күшейту және қайта құру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Кейбір нысандар толық жаңарып үлгерді. Оқу жылы басталғанға дейін тағы 4 мектеп пайдалануға беріліп, жыл соңына дейін қосымша 8 мектеп аяқталады. Қалған 8 нысанның жұмысы 2026 жылы жалғасады.

Сонымен қатар 8 балабақша мен Машина жасау және телекоммуникациялар колледжі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 188 мектепте, 48 балабақшада, 15 колледжде, 7 интернатта және қосымша білім беретін 4 мекемеде атқарылып жатыр. Бұл мақсатқа 1,8 млрд теңге бөлінген.

Білім беру нысандарын жылыту маусымына даярлау жұмысы да аяқталып қалыд. 196 балабақшаның 188-і дайындық актісін алды, қалғаны жөнделіп жатыр. 216 мектептің 203-і дайындықтан өтсе, қалғаны жақын арада аяқталады. 20 колледждің 19-ы дайын, қосымша білім беретін 19 мекеменің 17-сі қысқа толық әзір. Барлық нысан тамыз айының соңына дейін жылыту маусымына дайын болмақ.

Осылайша, Алматы сапалы да қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырып жатыр. Жаңа мектептердің ашылуы мен қолданыстағы мекемелердің жаңғыртылуы қаладағы мыңдаған оқушыға қолайлы жағдай жасамақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #нысан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика