AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / 1 қыркүйекке дейін Алматыда 11 мыңнан астам жаңа о...

1 қыркүйекке дейін Алматыда 11 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады

Алматы Бүгін 16:50 52 yakiya
1 қыркүйекке дейін Алматыда 11 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев осылай деді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы білім беру инфрақұрылымын дамытып жатыр. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында оқу жылы ішінде 13 жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Жаңа білім беру нысандарының ашылуы оқушы орнының тапшылығын едәуір азайтып, қаланың білім беру саласын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы жалпы сыйымдылығы 10 500 орындық тағы жеті мектептің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта оларды білім беру жүйесіне табыс етіп жатыр.

Сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен Зерделі шағын ауданында 550 орындық мектеп салынды.

Осылайша, биылғы 1 қыркүйекке дейін Алматыда жалпы сыйымдылығы 11 050 оқушы орнына арналған сегіз жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қолданыстағы білім беру нысандарын жаңғырту жұмысы да қарқын алды. 2025–2027 жылдың аралығында 26 мектепте күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Биыл қаладағы 227 мемлекеттік мектептің 159-ы жөндеу жұмысымен қамтылады.

«Балалардың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бүгінде Алматыдағы барлық мемлекеттік мектептер 100 пайыз бейнебақылау жүйесімен, дабыл түймесімен және полицияның Жедел басқару орталығымен біріктірілген турникеттермен қамтамасыз етілген», – деді спикер.

Білім беру ұйымдарында 17 570 бейнебақылау камерасы, 227 дабыл түймесі және 1 300-ден астам кіруді бақылау жүйесі орнатылған.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында пилоттық режимде Target Eye жүйесі енгізіле бастады. Алатау ауданындағы он мектепте жасанды интеллект төбелес пен ықтимал жанжалды автоматты түрде анықтауға көмектеспек.

Сондай-ақ «Мектеп автобусы» жобасы аясында бүгінде қала бойынша 65 мектеп қамтылып, 13 539 оқушы тасымалданады. Бұл жұмысты 295 автобусы бар автопарк мойнына алған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 31 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін 17:56

Алматыда 294 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады

Бүгін 17:32

Алматыдағы балалардың 85%-ы қосымша біліммен қамтылған

Бүгін 17:12

Алматыда 15 мыңнан астам түлек ҰБТ-ға қатысты

Бүгін 16:10

Алматыда мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 96,1%-ға жетті

Бүгін 15:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);