Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тұман, көктайғақ, дауыл: бірнеше өңірде ауа райына...

Тұман, көктайғақ, дауыл: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Барлығы 27.01.2026, 09:01 291
Тұман, көктайғақ, дауыл: бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: dknews.kz

Қазақстанның бірнеше өңірінде алдағы күндері ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 27 қаңтар, сейсенбі күні еліміздің бірқатар аймағында тұман, көктайғақ, қар жауып, боран соғуы мүмкін.

Жетісу облысында түнде солтүстік және батыс аумақтарды тұман басады. Күндіз Алакөл маңында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында түнгі және таңғы уақытта батыс, оңтүстік және орталық бөліктерде тұман мен көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында ауа температурасы 20–22 градус аязға дейін төмендейді. Ақтау қаласында да жолдар тайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында, оның ішінде Петропавл қаласында тұман түседі. Осындай жағдай Батыс Қазақстан облысында да байқалып, Орал қаласында түнде және таңертең көру қашықтығы төмендейді. Павлодар облысының солтүстігінде де тұман күтіледі.

Абай облысында ауа райы күрделене түседі. Түнде шығыс, оңтүстік және орталық аумақтарда қар жауып, боран соғады. Күндіз батыс, солтүстік және орталық өңірлерде қарлы боран сақталып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, боран соғады. Күндіз бұл құбылыс батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жалғасады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Қызылорда облысында көктайғақ қаупі жоғары. Солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда тұман күтіледі. Қызылорда қаласында таңертең және күндіз жолдар тайғақ болады.

Ұлытау, Қостанай және Қарағанды облыстарында қар жауып, төменгі боран соғады. Көптеген аудандарда тұман түседі. Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, төменгі боран күтіледі.

Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға, алыс жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын ескеруге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #ауа райы болжамы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Кеше 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика