Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Tinder-де өзін "Нұрай" деп таныстырған алаяқ жігіт...

Tinder-де өзін "Нұрай" деп таныстырған алаяқ жігіт тұрғынды 4 млн теңгеге алдаған

Заң мен тəртіп 16.01.2026, 10:07 319
Tinder-де өзін "Нұрай" деп таныстырған алаяқ жігіт тұрғынды 4 млн теңгеге алдаған
depositphotos.com

Астанада Tinder арқылы танысып, өзін "Нұрай" деп таныстырған алаяқ жәбірленушіден 4 млн теңгеден астам ақша алып, сот үкімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Астанада интернет-алаяқтық дерегі бойынша 20 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы танысуға арналған Tinder қосымшасына әйел адамның атымен "Нұрай" деп тіркеліп, парақшасында өзінің Telegram-аккаунтына сілтеме қалдырған.

Telegram желісінде бейтаныс қыздың суретін пайдаланып, жалған аккаунт ашқан күдікті жәбірленушімен хат алмасып, кездесуге уәде берген. Кейін әртүрлі сылтауларды алға тартып, одан жүйелі түрде ақша сұрай бастаған.

Нәтижесінде жәбірленуші үш айға жетпейтін уақыт ішінде қаскөйдің есепшотына 4 млн теңгеден астам қаражат аударған.

Сот айыпталушыны ақпараттық жүйе пайдаланушысына қатысты ірі көлемде жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп таныды. Жазаны тағайындау кезінде оның жасаған ісіне шын өкінуі, келтірілген шығынды өз еркімен өтеуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілген.

Үкім бойынша оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Мамандар интернетте танысу барысында сақ болуға шақырады: белгісіз адамдардың "жедел көмек", "жолақы", "ауырып қалдым" секілді сылтауларымен ақша сұрауы — алаяқтықтың кең тараған белгісі. Виртуал таныстарға қаржы аудармас бұрын ақпаратты тексеріп, күмәнді жағдайда байланыс үзген жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Tinder #танысу #алаяқ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика