Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Талдықорғанда банкоматты тонау әрекеті әшкереленді...

Талдықорғанда банкоматты тонау әрекеті әшкереленді

Заң мен тəртіп 08.01.2026, 14:58 277
Талдықорғанда банкоматты тонау әрекеті әшкереленді
Сурет: Polisia.kz

Талдықорған қаласында екінші деңгейлі банктердің біріне тиесілі банкоматты бұзу әрекеті жайлы 102 арнасына хабарлама келіп түскен. 

Ақпарат дереу тіркеліп, тексеру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен жедел басқару орталығының мамандары жылдам әрекет етті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 Сыртқы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдау барысында ЖБО операторлары таңсәрі уақытта күдікті ер адамның қолда бар құралдарды пайдаланып, банкоматты зақымдауға тырысқанын анықтады.

Шамамен жарты сағат бойы ол құрылғыны ашуға әрекет жасағанымен, ақшаға қол жеткізе алмады. Одан әрі тергеу жұмыстары күдіктінің қозғалыс бағытын анықтау арқылы цифрлық кеңістікте жалғасты. Қалалық камералар желісі, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер мен сауда нысандарындағы бейнебақылау жүйелерін пайдалана отырып, полицейлер ер адамның құқық бұзушылықтан кейінгі жолын қалпына келтірді. Іздеу аясы қаладағы бірнеше жеке үйге дейін тарылды. Қажетті мәліметтер алынған соң, полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына шығып, аула-ауланы аралау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде 45 жастағы күдіктінің жүрген жері анықталып, ол ұсталды. Ұсталған сәтте ер адам алкогольдік мас күйде болған. Күдіктінің жеке басын анықтау және ұстау үшін небәрі бірнеше күн қажет болды. Қазіргі уақытта банкке келтірілген материалдық шығын көлемі бағалануда, сондай-ақ заңнама аясында қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#банкомат #тонау әрекеті #Талдықорған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика