Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Құқықтық сана өсіп келеді

Құқықтық сана өсіп келеді

Барлығы 27.11.2025, 09:51 276
 Құқықтық сана өсіп келеді
Сурет: Самат Құсайынов

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Social project management орталығы «Заң кеңесі» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның мақсаты - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру.

Дөңгелек үстелге заңгерлер, құқық қорғаушылар, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қала тұрғындары, жастар қатысты.

«Заң кеңесі» жобасының басты заңгері Қуат Ауғанбек бүгінгі дейін тұрғындарға қандай көмек көрсетілгенін айтты.

- Алматыда «Заң кеңесі» жобасы 3 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Ол алматылықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға заң тұрғысынан кеңес беріп, тегін көмектесуді көздейді. Осы уақыт аралығында мыңға жуық адамға құқықтық тұрғыда бағыт-бағдар бердік. Бұл жоба мемлекет тарапынан азаматтарымызға үлкен қолдау деп білеміз, - деді ол.

Social project management орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы қоғамда құқықтық сана өсіп жатқанын айтты.

- Заң органдарына жүгінетіндердің қарасы көбейген. Мысалы, 1 жылда сотқа арыз түсіретіндер саны 3 есе көбейген. Яғни, адамдар өзара кикілжіңді сот арқылы заң аясында шешуге көшкен. Ол құқықтық сананың өсіп жатқанын көрсетеді. Ал біздің мақсатымыз осы өсіп жатқан санаға серпін беру, - деді ол.

Сонымен қатар Бейбіт Молдахметұлы қала тұрғындары орталыққа қандай сұрақтар бойынша жиі жүгінетінін атап өтті.

- Азаматтар көбіне қандай мәселе бойынша қай органға өтініш не шағым жазу керек екенін білмейді. Осы жағынан біздің заңгерлер кеңес береді. Алимент өндіру мәселесі жиі қозғалады. Сондай-ақ, өткір сұрақтар ішінде жер дауы бар. Одан бөлек келісімшартсыз бір іс-әрекет жасап қоятындар көп. Ауызша келісім жасалады да, кейін қарызын қайтармай қояды деген секілді. Ал заңгерлер келісімшарт бар кезде ғана заң күшін қолдана алады. Сонда да біздің заңгерлер мессенджерлердегі хат алмасу арқылы жәбірленушіге көмектесуге тырысады, - деді Бейбіт Молдахметұлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құқықтық сана #Алматы #Заң кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Конституциялық Сот ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарады

Бүгін 12:17

Қазақстан азаматтарына баруға болмайтын 14 елдің тізімі шықты

Бүгін 12:03

Еліміздің барлық сауда орындарында 10-70 пайыз аралығында жеңілдіктер жүреді

Бүгін 11:44

Донорлыққа келісім бергендердің саны көбейді

Бүгін 11:05

Бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға азайған

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика