Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қоғамдық орындарда ниқаб кигені үшін жаза қолданыл...

Қоғамдық орындарда ниқаб кигені үшін жаза қолданылады

Мұны білген жөн 03.12.2025, 14:06 350
Қоғамдық орындарда ниқаб кигені үшін жаза қолданылады
Сурет ЖИ

Мәжіліс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген "Құқықбұзушылық профилактикасы туралы" жаңа заңды екінші оқылымда қабылдады.

Заңда құқықбұзушылық профилактикасы жүйесі кеңейтіліп, профилактика субъектілерінің саны 13-тен 26-ға дейін артады. Оған отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар, қамқоршылық органдары, БАҚ, жастар ісі жөніндегі орталықтар, уәкілетті органдар және кәсіпкерлер кіреді.

Сонымен қатар профилактика моделінің өзі қайта қаралады. Енді оған жалпы, жеке және арнайы шаралар енгізіледі.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерде қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын, тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) кигені үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Құқықбұзушылық үшін бірінші рет ескерту жасалады, қайталанған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
 
Заңға қайшы контентті жариялағандар мен таратқандарға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұзушылықтардың себебін жою туралы нұсқауларын қасақана орындамағандарға қатысты жауапкершілік енгізіледі.

Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғаныс шараларын орындамағаны үшін мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен жергілікті билік органдарына жаңа жауапкершілік түрлерін көздейтін түзетулер енгізілді. Енді Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай адамдарды жауапкершілікке тартуға құқылы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#никаб #Мәжіліс #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды - ІІМ түсініктеме берді

Бүгін 10:24

Министр Нысанбаев қызғалдақ пен бәйшешек жұлғандарға қомақты айыппұл барын ескертті

Бүгін 09:54

Жыл басынан 163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бүгін 09:42

Ақпараттық дәуір және дін: жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер

Бүгін 09:23

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі жаңа жұмыс кестесіне көшті

Бүгін 09:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика