Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қалалық семинар – жаңа формат, жаңа мүмкіндік

Қалалық семинар – жаңа формат, жаңа мүмкіндік

Барлығы 25.11.2025, 15:31 381
Қалалық семинар – жаңа формат, жаңа мүмкіндік
Сурет: автор

Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, №202 мектеп-гимназиясы және Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалды музейінің бірлесуімен «Жамбыл Жабаев айтыстарының көркемдік-эстетикалық табиғаты» деген тақырыпта мұғалімдерге арналған қалалық семинар өтті.

Бұл басқосу мазмұнға да, мәнге де толы тағылымды шара болды. Айтыс өнерінің терең табиғатын талқылап қана қоймай, Жамбыл атамыздың бай мұрасын жаңа қырынан тануға мүмкіндік туды. Жамбыл ақынның немересі Салтанат Тезекбайқызы семинарға арнайы қонақ болып қатысты. Сондай-ақ аталған шараға Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музей көшпелі көрмесімен келді. Семинар барысында №202 мектеп-гимназия мен Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музей арасында өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.

Ұлы тұлғалардың мұрасын уақыт талабына сай заманауи форматта насихаттау – білім мен технологияның тоғысқан тұсы. Осы мақсатта ұстаздардың еңбегімен Жамбыл Жабаев музейінің виртуалды 3D нұсқасы әзірленді. Сонымен қатар, жобаны көпшілікке таныстыру үшін арнайы сайт ашылды. Бұл – Жамбыл әлемін жаңа тұрғыда танытып, жас ұрпаққа ұлы ақын өмірін цифрлы кеңістікте жеткізетін маңызды бастама.

Шараны ұйымдастырған №202 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Құралай Шериева, Назгүл Үркімбаева, Ғалия Елшібаева сынды ұстаздардың қажырлы еңбегі семинар мазмұнын байытып, Жамбыл мұрасын жаңа қырынан танытуға жол ашты.

Айта кетерлік жайт, бұл тағылымды басқосу жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орайластырылған іс-шаралардың бастамасы іспетті болды. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбыл Жабаев #Айтыс #Семинар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуінен айырылды

Бүгін 09:42

Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Бүгін 09:30

Алматыда қалың қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Бүгін 09:19

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика