AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Цифрлық кодекске қол қойды

Мемлекет басшысы Цифрлық кодекске қол қойды

Саясат 09.01.2026, 16:24 359
Мемлекет басшысы Цифрлық кодекске қол қойды
Сурет: Akorda.kz

Бүгін, 2026 жылдың 9 қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық кодекске қол қойды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, Цифрлық кодексті парламент былтыр күзде қабылдаған болатын.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың айтуынша, Цифрлық кодекс жобасы мен екі ілеспе заң жобасы президенттің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген. Кодекс жобасы мен ілеспе заң жобаларына парламент депутаттары бастамашылық еткен.

"Цифрлық кодекстің жобасы 10 тараудан тұрады. Кодекс жобасы цифрлық ортадағы қатынастарды, оның ішінде құқықтық қатынас объектілерінің түрлері, цифрлық орта субъектілері, цифрлық сәйкестендіру және бақылау, тәуекелдерді басқару бойынша қатынастарды реттеуге, цифрлық ортада жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - деген еді Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.

Ал ілеспе заң жобаларында мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидаттарын айқындау және сақтау жөнінде толықтырулар, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамалық актілерде белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделген.

Комитет заң жобалары бойынша қорытынды әзірлейді.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #цифрлық кодекс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 10:14

Алматыдағы балалар колониясына Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен келді

Бүгін 09:53

Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 09:32

Қазгидромет 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 08:56

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

Бүгін 08:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика