Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды қалалық аумақтарды қайта жаңғырту...

Дархан Сатыбалды қалалық аумақтарды қайта жаңғырту және абаттандыру жөнінде тапсырма берді

Барлығы 07.01.2026, 16:55 306
Дархан Сатыбалды қалалық аумақтарды қайта жаңғырту және абаттандыру жөнінде тапсырма берді
сурет: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында қаланың бірқатар маңызды нысанын аралап, жөндеу және жобалау жұмыстарының жай-күйімен танысты. Сонымен қатар ол қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді дамытудың басым бағыттарын талқылады.

Жұмыс сапары Әуезов ауданы әкімдігінің аппаратынан басталды. Қазіргі уақытта бұл жерде әкімшілік ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Нысанды аралау кезінде әкімге құрылыс-монтаж және инженерлік жұмыстардың орындалу кезеңі, белгіленген мерзімнің сақталуы мен атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы туралы ақпарат берілді. Ғимараттың ішкі жоспарлануын жетілдіруге, инженерлік желілерді жаңартуға, қызметкерлер мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше мән берілді.

Бұдан кейін қала әкімі Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Қарау барысында ғимараттың функционалдық мүмкіндіктері мен сәулеттік ерекшеліктерін сақтауға бағытталған құрылыс-монтаж жұмыстары мен техникалық шешімдер талқыланды. Қайта жаңғырту жұмыстарына жүйелі бақылау жүргізіп, орындалатын жұмыстың сапасына қойылатын талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жұмыс сапары Сайран көлі маңындағы аумақ пен Үлкен Алматы өзені арнасына іргелес жатқан учаскені аралаумен аяқталды. Көшпелі талқылау барысында аумақтың қазіргі жағдайы зерделенді. Қала әкімі бұл аумақты дамытуда кешенді тәсілдің қажеттігін атады. Атап айтқанда, жоспарлау шешімдерін біріздендіру, қоғамдық кеңістіктің біртұтас әрі логикалық құрылымын қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Бүгін 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгін 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі»

Бүгін 17:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика