Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / "Барша қазақ халқынан кешірім сұраймын": Жетісайда...

"Барша қазақ халқынан кешірім сұраймын": Жетісайда әкесін өлімші етіп ұрған ер адамға үкім шықты

Заң мен тəртіп 15.01.2026, 12:05 348
"Барша қазақ халқынан кешірім сұраймын": Жетісайда әкесін өлімші етіп ұрған ер адамға үкім шықты
сурет: видео кадры

Түркістан облысындағы Жетісай аудандық сотында қарт әкесін жүйелі түрде соққыға жықты деп айыпталған ер адамға қатысты резонансты іс аяқталуға жақын. 15 қаңтарда айыпталушы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Сот отырысы барысында айыпталушы эмоциясын жасыра алмай, жылап жіберді. Ол өз кінәсін толық мойындап, көпшілік пен туыстарынан кешірім сұрады.

"Баршаңыздан, бүкіл қазақ халқынан кешірім сұраймын. Істеген ісіме шын жүректен өкінемін. Туыстарымнан кешірім өтінемін. Ашуға беріліп кеттім. Өмір бойы өкініп өтемін. Қателестім. Барша мұсылман халқынан кешірім сұраймын. Мені түсініп, кешірулеріңізді өтінемін. Кінәмді толық мойындаймын", – деді ол сотта.

Бұған дейін прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Бұл іс өткен жылдың қыркүйегінде әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты қоғам назарын аударған. Кадрларда ер адамның өз ауласында қарт әкесін аяусыз соққыға жыққаны бейнеленген. Бейнежазбаны көрші әйел жасырын түрде түсірген.

Видеода қарияның беті қанға боялғаны, өздігінен тұра алмаған соң, ұлының әйелін шақырып, екеуінің оны үйге алып кіргені көрінеді. Кейінірек қарт кісінің қайтыс болғаны белгілі болды.

Полиция ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс қозғағанымен, әйелге "ұрып-соғу" бабы бойынша қозғалған іс дәлелдің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкім #Түркістан облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді

Бүгін 11:05

Бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі белгіленді

Бүгін 10:46

Оскар-2026 жеңімпаздары жарияланды

Бүгін 09:55

«Ауыл» партиясының Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалында кездесу өтті

Бүгін 09:33

Такси жүргізушілері жолаушыларға сақтандыру сатып алуға міндеттелді

Бүгін 09:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика