Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / АҚШ-қа баратын қазақстандықтарға жаңа талап қойылу...

АҚШ-қа баратын қазақстандықтарға жаңа талап қойылуы мүмкін

Әлем 11.12.2025, 11:41 449
АҚШ-қа баратын қазақстандықтарға жаңа талап қойылуы мүмкін
интернеттен

АҚШ билігі шетелдіктерден елге визасыз кіру алдында олардың әлеуметтік желілердегі тарихын және басқа да жеке деректерін сұрауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

АҚШ билігі шетелдік туристерден соңғы бес жылдағы онлайн “өмірі” туралы мәліметтерді міндетті түрде талап ету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл ұсыныс Кедендік және шекара қызметі тарапынан жарияланған. Бастама визасыз кіру бағдарламасы бойынша АҚШ-қа баратын 42 елдің азаматтарына әсер етеді. Тізімге Ұлыбритания, Франция, Германия, Оңтүстік Корея және басқа да мемлекеттер кіреді.

Қазіргі тәртіп бойынша, бағдарлама қатысушылары екі жылға рұқсат беретін ESTA жүйесін пайдаланады. Ол үшін байланыс деректері мен 40 доллар төлем жеткілікті. Алайда Кедендік және шекара қызметі міндетті ақпараттар тізімін айтарлықтай кеңейтуді ұсынып отыр.

Құжатқа сәйкес, өтініш берушілерден мынадай деректер сұралуы мүмкін: соңғы он жылдағы электронды пошта мекенжайлары; отбасы мүшелері туралы көлемді ақпарат; соңғы бес жыл ішіндегі әлеуметтік желілердегі парақшалар тізімі. Қызметтің пікірінше, мұндай тексеріс қауіпсіздікті күшейтіп, шетелдіктердің елге кіруіне қатысты тәуекелдерді дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

The New York Times сөйлескен туристік индустрия өкілдерінің айтуынша, билік бұл ұсынысты жариялар алдында саламен кеңеспеген. Сарапшылардың бірі бастаманы «шетелдік саяхатшыларға бақылауды айтарлықтай күшейтетін шара» деп атады.

Заңгерлер де ескерту жасап отыр: жиналатын деректер көлемін арттыру өтініштерді қарау мерзімін ұзартуы және елге кірген кезде қосымша тексеріске жіберілетін туристердің көбеюіне әкелуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Кеше 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Кеше 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Кеше 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Кеше 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Кеше 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика