AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды

Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды

Барлығы 10.01.2026, 10:33 366
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
Алматы әкімдігі

Бүгін Алматыда қала әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен жаңа кітапхана салтанатты түрде ашылды. 

Қаланың 31-ші кітапханасы болған жаңа нысан оқу дәстүрінің құндылықтарын цифрлық технологиямен, заманауи біліммен және кең ауқымды ақпараттық ресурстармен үйлестірген мегаполистің мәдени жаңғыруының символына айналды.

Кітапхананың ашылу рәсіміне Алматы тұрғындары, қала басшылығының өкілдері, белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері және мәдени қауымдастық өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов сөз сөйлеп, қаланың әр ауданында мәдени орталықтар мен кітапханаларды ашу – әлеуметтік инфрақұрылымды тұрғындар үшін қолжетімді етуге бағытталған маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай орталықтар қоғамдық өмірдің жандануына ықпал етіп, қала тұрғындарының заманауи ақпараттық әрі білім беру ресурстарына еркін қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Кітапхана заманауи талаптарға сай қалыптасқан ауқымды кітап қоры мен жетілдірілген материалдық-техникалық мүмкіндіктерінің арқасында жасы мен қызығушылығы әртүрлі оқырмандардың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. 

Мұнда компьютермен жұмыс істеуге арналған арнайы зал, жеке оқу үшін қолайлы тыныш аймақтар, сондай-ақ бірлескен кездесулер мен шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруға лайықталған кеңістіктер қарастырылған.

Сонымен қатар, кітапхананың басты ерекшеліктерінің бірі - ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған. Олар көру қабілеті төмен және зағип оқырмандарға арналған Брайль бағдарламалары мен дыбыстық интерфейстермен жабдықталған.

«Мұндай жаңа әрі заманауи кітапханалардың ашылуы – ой мен білімді тоғыстырып, ұлт руханиятын жаңа деңгейге көтеретін маңызды мәдени кеңістік. Бұл бастама оқырман мәдениетінің дамуына зор серпін береді деп сенемін», – деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов. 

Жаңа кітапхананың ашылуы қаланың мәдени инфрақұрылымын дамытудың маңызды қадамы болып, алматылықтар үшін жаңа тартымды орталыққа айналмақ. Кітапхананың басты артықшылықтарының бірі – 20 мыңға дейін кітапты қамтитын бай әрі мазмұнды кітап қоры.

Алматы Кітапханаларына қарасты жаңа кітапхана Құлболды көшесі, 1/2, 2-корпус мекенжайы бойынша сағат 08:30-20:00 уақыт аралығында қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалыссыз жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 31 қала кітапханасы жұмыс істейді, олардың үшеуі тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика