Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Отбасы банк": мыңдаған азамат тұрғын үй кезегіне...

"Отбасы банк": мыңдаған азамат тұрғын үй кезегінен шығып қалуы мүмкін

Әлеумет 08.12.2025, 14:53 462
 "Отбасы банк": мыңдаған азамат тұрғын үй кезегінен шығып қалуы мүмкін
Сурет: arainfo.kz

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың басым бөлігі мәліметтерін жаңартпағандықтан, өз орындарынан айырылу қаупі төніп тұр.

Қазіргі таңда кезекте 642 мың адам бар, бірақ олардың небәрі 14%-ы ғана деректерін растаған, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәжіліс жанындағы қоғамдық палата отырысында айтты. Төрайымның сөзінше, кезектегі азаматтар туралы ақпарат соңғы жылдары жаңартылмағандықтан, үлкен алшақтықтар анықталған:

  • көптеген адамдардың байланыс нөмірлері жарамсыз;
  • тұрғылықты мекенжай деректері сәйкес келмейді;
  • отбасы құрамы туралы ақпарат ескірген.

Біз 642 мың кезекте тұрған азаматқа қатысты деректерді алған кезде, соңғы екі жылда ешқандай санақ жүргізілмегенін біле тұра, қиындықтарға дайын болдық. Яғни, кезек тізімдері тек нөмірлер мен ЖСН арқылы ғана берілген. Бірақ мәселе бұдан да терең болып шықты. Бізде азаматтардың жарамды телефон нөмірлері жоқ, тіркелген мекен-жайылары туралы мәліметтер де сәйкес емес, отбасы құрамы туралы ақпарат та сәйкес келмейді, - деді Ләззат Ибрагимова.

Банк төрт ай бойы мәліметтерді өзектендіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда кезекте тұрғандардың бір бөлігі келісімін бермей отыр, өйткені бүгінде көпшілігі мемлекеттік қолдау талаптарына сай келмейді. 30 қараша 2025 жылға қарағанда, 642 мың адамның ішінде 92 мыңнан астамы ғана өз деректерін растаған.

Ибрагимованың айтуынша, кезекте тұрғандардың біразы қазір бұрынғыдай жеңілдік санаттарына жатпайды. Біреулер әскери қызметтен кеткен, біреулер мемлекеттік қызметші мәртебесін жоғалтқан, кейбірінің балалары кәмелетке толған немесе отбасы мүшелері баспана сатып алған.

Деректерін жаңартудан бас тартқандардың кесірінен тұрғын үй беру процесі тежеліп отыр. Мысалы, 2008 жылғы кезекке өту үшін алдымен 2007 жылғы тізім толық тексеріліп, жаңартылуы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отбасы банк #кезек #тұрғын үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенова Алматыда өткен референдумға қатысты

Бүгін 16:11

Алматыдағы кейбір референдум учаскелерінде әйелдерге гүл сыйланды

Бүгін 16:07

Референдумдағы «пингвин»: Алматыдағы учаскеде ерекше дауыс беруші көзге түсті

Бүгін 16:04

Референдум күні фейктер мен арандатулар: манипуляцияның құрығына түспеудің жолдары қандай?

Бүгін 15:53

Қазақстанның танымал дзюдошылары Чехияда дауыс берді

Бүгін 15:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика