Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Жаңа жылдық демалыста қандай фильм көреміз?

Жаңа жылдық демалыста қандай фильм көреміз?

Мәдениет 28.12.2025, 12:10 670
Жаңа жылдық демалыста қандай фильм көреміз?
dzen.ru

Жаңа жыл – ғажайыпқа сенетін, отбасымен бір дастарқан басына жиналып, жылы естеліктерге толы фильмдер көретін ерекше кезең. Бұл күндері экраннан көбіне күлкі сыйлайтын, үміт пен жақсылықты насихаттайтын туындыларды көргіміз келеді.

Төменде Жаңа жыл мен қысқы мерекелер тақырыбына арналған, көрерменнің бірнеше буынына ортақ кеңес дәуіріндегі классикалық фильмдерді ұсынамыз.

Ең танымал классикалық фильмдер

«Ирония судьбы, или С легким паром!» (1975) –  Ленинград қаласындағы кездейсоқ таныстықтан басталатын, Жаңа жылмен тығыз байланысты ең танымал фильмдердің бірі. Достармен моншаға барудан басталған оқиға күтпеген махаббат хикаясына ұласады. Бұл туынды ондаған жылдар бойы жаңа жылдық мерекенің ажырамас бөлігіне айналды. Кейін бұл фильмнің жаңа нұсқасы да түсірілді, бірақ байырғы көрермен үшін алғашқысының орны ерекше.

«Карнавальная ночь» (1956) – Эльдар Рязанов түсірген музыкалық комедия. Людмила Гурченко ойнаған, әйгілі «Бес минут» әнімен есте қалған туынды. Жастардың жаңа жыл кешін еркін әрі көңілді өткізгісі келуі мен ескіше ойлайтын басшылықтың арасындағы қақтығыс юмор арқылы көрсетіледі. Фильм оптимизмге толы, жаңа жылдың рухын айқын сездіреді.

«Чародеи» (1982) – Стругацкийлердің шығармалары негізінде түсірілген музыкалық фантастика. Жаңа жыл түні болатын ғажайыптар, махаббат пен сиқыр араласқан музыкалық фильм. Ғылыми институттағы тосын оқиғалар көрерменді ертегі әлеміне жетелейді.

«Джентльмены удачи» (1971) – оқиғасы қысқы мерекелер кезінде өрбитін қылмыстық-комедиялық фильм.

Қысқы атмосферасы бар комедиялар

«Старый Новый год» (1980) – әртүрлі әлеуметтік топтан шыққан көршілердің өмірін әжуамен суреттейтін сатиралық комедия.

«Зигзаг удачи» (1968) – мереке қарсаңында лотереядан ірі ұтысқа ие болған адам туралы оқиға.

«Ищите женщину» (1982) – Рождество қарсаңындағы Парижде өрбитін комедиялық детектив.

«Снегурочку вызывали?» (1985) –кездейсоқ жұптасқан әртістер туралы жылы әрі лирикалық хикая.

Жаңа жыл тақырыбындағы фильмдер:

                •             жақсылыққа сенуді үйретеді;

                •             отбасы мен достықтың маңызын көрсетеді;

                •             өткен жылды ой елегінен өткізіп, жаңа үмітпен алға қарауға шабыттандырады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм #Жаңа жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар референдумға көршілерімен бірге келіп дауыс берді

Бүгін 15:20

Nomad Fighting ұйымының президенті Мұхамеджан Қонысбеков референдумда дауыс берді

Бүгін 15:19

15 наурыз – Қайырымдылық күні: алматылық ерікті Арсен Қабденов панасыз жануарларға көмектеседі

Бүгін 15:14

Бақылаушылар Алматыдағы референдум учаскелерінде дауыс беру рәсімінің ашық өтіп жатқанын айтты

Бүгін 15:05

Алматыдағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ – бақылаушылар

Бүгін 15:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика