Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Алматыдағы медициналық мекемелерд...

Дархан Сатыбалды Алматыдағы медициналық мекемелерді жаңғырту барысымен танысты

Барлығы 21.01.2026, 09:38 334
Дархан Сатыбалды Алматыдағы медициналық мекемелерді жаңғырту барысымен танысты
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында қаладағы медициналық ұйымдарды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Атап айтқанда, қала басшысы қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған №4 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімін аралап көрді. Жаңғырту нәтижесінде қабылдау бөлімі тәулігіне 250 адамнан 450 адамға дейін қабылдай алатын болды.

Халықаралық triage пациенттерді сұрыптау жүйесі енгізілді. Бұл жүйе пациенттер легін қызыл, сары және жасыл аймақтарға бөлуге негізделген. Мұндай тәсіл ауыр халдегі науқастарға жедел көмек көрсетуге, асқынулар мен өлім-жітім қаупін азайтуға, орын санын тиімді пайдалануға және ауруханаға жатқызу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Ауруханада заманауи ота бөлмелері, 12 орынға арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапияның шұғыл бөлімшесі ашылды. Сонымен қатар, тері арқылы жүрек тамырларын емдеу орталығы жұмысын бастады. Бұл жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда қазіргі заманғы талаптар мен халықаралық денсаулық сақтау стандарттарын ескере отырып, медициналық инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2025 жылы 4 медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы және 1 емхана салынды, сондай-ақ тағы 32 нысанды салу және жаңғырту бойынша жобалар әзірленіп жатыр», – деді Дархан Сатыбалды.

№4 Қалалық клиникалық аурухана – тәулік бойы жұмыс істейтін көпсалалы стационар. Мұнда жыл сайын 12 500-ге дейін ота жасалады.

Сондай-ақ, Алматы әкімі Түрксіб ауданындағы Алтай шағынауданында бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын жаңа емхананың құрылыс алаңына барды.

Жаңа емхана бұрын жұмыс істемей тұрған денсаулық сақтау нысанының орнына салынып жатыр. Мекемені ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, цифрлық флюорография және маммография, рентген, МРТ және КТ жабдықтарын қосқанда, заманауи диагностикалық жүйелермен жабдықтау жоспарланған. Бұл тексерулердің жылдамдығы мен дәлдігін едәуір арттырып, медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бірыңғай стандарты аясында медициналық қызмет сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың ІV тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Бүгін 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Бүгін 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгін 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика