Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Кітап оқитын ұлт» жобасы іске қосылады

Алматыда «Кітап оқитын ұлт» жобасы іске қосылады

Барлығы 14.01.2026, 17:37 339
Алматыда «Кітап оқитын ұлт» жобасы іске қосылады
Сурет: Қайрат Қоныспаев

Алматыда Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумға Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың директоры Әлия Сайдембаева және «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қорының тең төрағасы Шыңғыс Жұмағали қол қойды. Әлия Сайдембаева бұл құжат «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы тараптардың әріптестігін ресми түрде бекітіп, елімізде тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға және қазақстандықтардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен жұмысты ұйымдастыруға жош ашады.

Ал Шыңғыс Жұмағали  «Кітап оқитын ұлт» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 

- Жобаның басты мақсаты — қоғамда тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын он елдің қатарына қосу, - деді ол.

2025 жылдың қыркүйегінде жоба пилоттық режимде Қарағанды облысында, Қостанай облысында және Шымкент қаласында басталды. Енді оған Алматы қаласы да қосылады. Қазіргі уақытта жобаға 189 мыңнан астам адам қатысып жатыр.

Жоба халықтың әртүрлі топтарын қамтиды және мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
− «Кітап оқитын мектеп» (6–10 сынып оқушылары);
− «Кітап оқитын колледж» және «Кітап оқитын университет» (студенттер);
− «Кітап оқитын педагог» (ұстаздар);
− «Кітап оқитын әулет» (отбасылар);
− «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» (мемлекеттік қызметшілер).

- Әр бағыт үшін сарапшылар қатысушылардың жасы мен қызығушылығына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде 15 кітаптан тұратын тізім құрастырды. Тізімге жалпыұлттық дауыс беру нәтижесінде таңдалған «Қазақстан әдебиетінің 100 танымал кітабы» жобасының шығармалары мен әлемдік бестселлерлер енгізілген, - деді Шыңғыс Жұмағали.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап оқитын ұлт #жоба #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика