Алматылық құтқарушылар «Көрісу күні» мерекесін атап өтті
Көктемнің жарқын мерекесі — Көрісу күні (Амал мерекесі) және Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде көктемді қарсы алуға және ұлттық дәстүрлерді насихаттауға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.