Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масато Канданы қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкі (АДБ) басшысы Масато Кандаға лауазымына бір жыл толуымен және банктің 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, Қазақстан мен АДБ арасындағы 30 жылдық жемісті серіктестікті атап өтті. Мемлекет басшысы банк арқылы 170-тен астам жоба жүзеге асырылып, жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асқанын, бұл экономикалық өсім, инфрақұрылым жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосқанын жеткізді. Көрсетілген бағыттар ішінде тұрғын үй құрылысы, төтенше жағдайларды басқару, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект енгізу, стратегиялық жобаларға инвестиция тарту басты орын алған. АДБ басшысы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.