AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы е...

«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді

Алматы 19.04.2026, 18:12 390 Сұлу
«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді
"Зүлейха" спектаклі

Алматы қаласында 19 сәуір күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы сахнасында «Зулейха» спектаклінің 1 жылдық мерекелік көрсетілімі өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әлемнің бірнеше тіліне аударылып, халықаралық деңгейде кеңінен танылған Гузель Яхинаның «Зулейха открывает глаза» романы алғаш рет қазақ сахнасында қойылып, көрерменнің ерекше ықыласына ие болды. Бір жыл ішінде спектакль театр сүйер қауым арасында резонанс тудырып, заманауи қазақ театрының маңызды мәдени оқиғаларының біріне айналды. «Зулейха» – театр және кино актрисасы, әнші Салтанат Бақаеваның продюсер ретіндегі алғашқы жобасы. Бұл қойылым – оның шығармашылық жолындағы жаңа белес әрі батыл эксперимент.

Спектакль туралы

«Зулейха» — тозақта туған махаббат жайлы терең драмалық хикая.

Қойылым бас кейіпкердің үрей мен қорқынышқа толы әлемде күйеуінен, үйінен, өткенінен айырылған сәтінен басталады. Зулейха үшін өмір түрмеге айналады. Алайда дәл осы қатыгездік пен үмітсіздік ортасында ол алғаш рет еркіндікті, нәзік әрі алапат махаббатты сезінеді.

«Зулейха көзін ашады... Ал сіз ше?»

Шығармашылық топ

  • −  Автор – Гузель Яхина

  • −  Режиссер – Әлібек Өмірбекұлы

  • −  Киім суретшісі – Арман Теміртас

  • −  Продюсер – Салтанат Бақаева

    Актерлік құрам

  • −  Зулейха – Салтанат Бақаева

  • −  Упыриха, Игнатов – Азамат Сатыбалды

  • −  Муртаза – Бекжан Тұрыс

  • −  Юсуф – Рауан Ахмедов

Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бекжан Тұрыс пен Азамат Сатыбалды өнер көрсетеді. Әсіресе, бір спектакльде екі түрлі мінезді кейіпкерді қатар алып шығатын Азамат Сатыбалдының ойыны кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін айқындайды. Жас актер Рауан Ахмедов үшін бұл – театр сахнасындағы алғашқы қадам. Ал басты рөлді сомдаған Салтанат Бақаева үшін жоба актерлік пен продюсерлікті қатар алып жүрген шығармашылық ізденістің нәтижесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #спектакль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы академиктерінің қатары толықты

Бүгін 19:34

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық робототехника турнирлерінде ірі жеңістерге қол жеткізді

Бүгін 19:32

Қазақстан халықаралық турнирлерде үш медаль жеңіп алды

Бүгін 19:27

Қазақстан боксшылары Венгрияда 15 медаль алды

Бүгін 19:25

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);