AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жылыту маусымына 77 мың км газ тарату желісі дайын...

Жылыту маусымына 77 мың км газ тарату желісі дайындалуда

Әлеумет 20.08.2026, 17:32 358
Жылыту маусымына 77 мың км газ тарату желісі дайындалуда
ҚР Энергетика министрлігі

Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар тұтынушыларды тұрақты, үздіксіз және қауіпсіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Энергетика министрлігі 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын-энергетика кешені нысандарын дайындауға ерекше көңіл бөледі. Газ инфрақұрылымының сенімді жұмысы қысқы жүктемелер кезеңінде тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Осы жұмыс аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге газ шаруашылығын кешенді дайындауды жалғастыруда. Компанияның жауапкершілік аймағында 77 мың км газ тарату желісі, сондай-ақ оларда орналасқан газ шаруашылығының нысандары мен құрылыстары бар. Бүгінде дайындықтың жалпы деңгейі 91%-ды құрайды.

Жазғы кезеңде «QazaqGaz Aimaq» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ, коммуналдық қызметтермен, өңірлердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларымен және ірі кәсіпорындармен бірлесіп, тұтынушыларды сенімді, қауіпсіз және үздіксіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыстар кешенін жүргізуде.

Жылыту кезеңіне дайындық аясында реттеу және профилактикалық жұмыстар орындалуда. Бүгінде:

  • ГРП және ГРПБ-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары 92%-ға орындалды;

  • ГРПШ және ШРП-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары – 93%;

  • электрохимиялық қорғау құралдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары – 93%;

  • газ құбырларына аспаптық тексеру – 96%;

  • ажырату құрылғыларына техникалық қызмет көрсету – 84%.

Биыл QazaqGaz Aimaq» газ қысымының төмендеу себептерін жоюға және газ тарату желілерінде апаттық жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған қосымша іс-шараларды да іске асыруда.

Барлығы 227 осындай іс-шара көзделген, оның 206-сы немесе 91%-ы орындалды. Атап айтқанда:

  • газ құбырларын сақиналау – 93%;

  • қосымша ШГРП орнату – 90%;

  • ШГРП-дағы қысым реттегіштерін ауыстыру – 90%;

  • газ құбырларының диаметрін ұлғайту – 89%.

Газ шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындауға 6 306 өндірістік персонал қызметкері тартылды. Компанияның қызмет көрсетуінде 287 360 ГРП, ПГБ және ШГРП бірлігі бар.

Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар қысқы жүктемелердің ең жоғары кезеңінде тұтынушыларды тұрақты, үздіксіз және қауіпсіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Газдандыру #газбен жабдықтау #Газбен қамту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Бүгін 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:32

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Бүгін 17:00

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Бүгін 16:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);