конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Жыл сайынғы киножобалар конкурсы басталды

Жыл сайынғы киножобалар конкурсы басталды

Мәдениет 01.03.2026, 17:07 291 Дина
Жыл сайынғы киножобалар конкурсы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапалы әрі рухани-танымдық мазмұны терең кино түсіру туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келе жатқан жыл сайынғы киножобалар конкурсы басталды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Аида Балаева мәлімдеді.

Іріктеудің басым бағыттары Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ресми сайтында жарияланған. Биыл конкурс аясында туған жер, отбасы, салауатты өмір салты, ұлттық құндылықтар, еңбек, заң мен тәртіп, табиғат, ғарыш, туризм және өзге де өзекті тақырыптар ұсынылып отыр.

Биылғы байқаудың басты жаңалықтарының бірі – іріктеу процесіне жасанды интеллект технологиясының енгізілуі. Бұл қадам конкурс өткізу барысының ашықтығын арттырып, шешім қабылдаудағы әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ережеге сәйкес, бірінші кезеңде тек сценарийлер мен сценарий жоспарлары қабылданады. Екінші кезеңде ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы мен талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Ал ашық қорғау және питчинг кезеңі онлайн көрсетілім форматында өтеді.

Айта кетейік, ашықтық пен әділдік қағидаттары негізінде өткен конкурстардың нәтижесінде мемлекеттік қолдау алған жобалардың 70 пайызы жас режиссерлердің жұмыстары болған.

Ұйымдастырушылар мазмұнды әрі сапалы фильм түсіруге ниетті авторларға сәттілік тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Бүгін 19:55

Әлеуметтік мемлекет: Қазақстан азаматтарына көрсетілетін қолдаудың ауқымы қандай?

Бүгін 19:45

Алматыда «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» халықаралық фестивалі аясында әлемдік цирк өнерінің жұлдыздары өнер көрсетеді

Бүгін 18:06

Ұлы Жібек жолының ізімен: The Marco Polo Project халықаралық экспедициясы Алматыға келді

Бүгін 18:01

Жыл басынан бері Алматыдағы комьюнити орталықтарына 344 мыңнан астам жас барды

Бүгін 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);