AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жүрек ақауын емдеу тәсіліне бірегей технологиялар...

Жүрек ақауын емдеу тәсіліне бірегей технологиялар енгізілуде

Медицина Бүгін 14:15 45
Жүрек ақауын емдеу тәсіліне бірегей технологиялар енгізілуде

КІАҒЗИ жүрек патологияларын емдеу тәсілін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік беретін бірегей технологияларды белсенді енгізуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Қытай Ғылым академиясының академигі, Чжэцзян университеті Медицина мектебінің 2-ші ауруханасының президенті, профессор Wang Jian’an, MD және ультрадыбыстық зерттеу, DragonFly жүйесі мен клапандық интервенциялар бойынша жетекші мамандар – 3 проктордың қатысуымен митральды қақпақты транскатетерлік реконструкциялау бойынша шеберлік класы өтті.

Профессор интервенциялық кардиологияны дамытуға, атап айтқанда, «шетінен – шетіне» (TEER) әдісімен митральды қақпақты транскатетерлік реконструкциялау технологияларын клиникалық тәжірибеге енгізу мен дамытуға, сондай-ақ митральды қақпақты транскатетерлік реконструкциялаудың жаңа жүйесін әзірлеуге және оны клиникалық тәжірибеде алғаш қолдануға елеулі үлес қосты.

Шеберлік класы аясында институттың интервенциялық кардиологтары, кардиохирургтері және басқа да мамандары тәжірибе алмасты.

Қатысушылар профессордың «Клиникаға бағдарланған инновациялық тәжірибе» тақырыбындағы дәрісін тыңдады. Дәріс барысында ол митральды қақпақты транскатетерлік реконструкциялаудың жаңа жүйесін (TEER) әзірлеу және клиникалық тәжірибеге енгізу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Мамандар жүйені қолданудың техникалық және клиникалық аспектілерін талқылап, операция жасау үшін пациенттерді іріктеді.

Бүгінде жүректің құрылымдық аурулары ашық жүрек операциясынсыз ақауларды қалпына келтіруге және жоюға мүмкіндік беретін заманауи аз инвазивті және эндоваскулярлық әдістердің көмегімен емделеді.

КІА ҒЗИ рентгенэндоваскулярлық операциялық бөлімінің меңгерушісі Алексей Евгеньевичтің айтуынша, митральды қақпақты «шетінен шетіне» (TEER) әдісімен транскатетерлік реконструкциялау – кеуде қуысын тіліп ашуды және жасанды қанайналымды қажет етпейтін, ауыр митральды регургитацияны (қақпақ жеткіліксіздігін) емдеуге қолданылатын аз инвазивті процедура. Жіңішке катетер аяқтағы сан венасы арқылы енгізіліп, жүрекке дейін жеткізіледі. Арнайы клипса (мысалы, MitraClip немесе DragonFly жүйесі) митральды қақпаққа жеткізіліп, оның алдыңғы және артқы жармаларын орталық бөлігінде «шетінен шетіне» қағидаты бойынша біріктіреді. Жармалар бекітіліп, нәтижесінде қанның кері ағуы (регургитация) азайып, жүректің қалыпты қызметі қалпына келеді. Пациенттер тез оңалып, операциядан кейінгі келесі күні-ақ аяққа тұрып кетеді.

«Бұл операцияның ерекшелігі – ол контрастсыз жүректің ультрадыбыстық бақылауымен жасалады. Өңеш арқылы ультрадыбыстық зерттеуді қолдана отырып, біз жүректің құрылымын толығырақ зерттейміз. Митральды қақпақшаның 3D бейнесін қолданып, қысқышты керек жерге орналастырамыз», – дейді институттың функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімінің меңгерушісі Ақжан Қонысбекова.

TEER операциялары хирургиялық тәуекелі жоғары, классикалық ашық жүрек операциясына қарсы көрсетілімі бар 4 пациентке жасалды.

Мұндай іс-шаралар кәсіби ынтымақтастықты дамытуға, білім және тәжірибе алмасуға, жүректің құрылымдық ауруларын емдеудің заманауи технологияларын енгізуге ықпал етеді. Сонымен қатар, олар мекемелер арасындағы ғылыми және клиникалық ынтымақтастықтың негізін қалыптастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүрек ауруы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында суды есепке алудың заманауи құралдарына көшу жеделдетілуде

Бүгін 14:50

Алматы қаласында суды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау шаралары күшейтілуде

Бүгін 14:48

«Алматы Су» сумен жабдықтау және су бұру жүйесін цифрландыру мен автоматтандыруды жалғастыруда

Бүгін 14:45

«Алматы Су» қаланың инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастыруда

Бүгін 14:41

Алматыда «Қазақконцерт» әртістері мен Құрманғазы оркестрінің бірлескен концерті өтеді

Бүгін 14:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);