AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Жүрегімде екенсің...» метафизикалық драмасының пр...

«Жүрегімде екенсің...» метафизикалық драмасының премьерасы өтеді

Мәдени Алматы Бүгін 15:28 54
«Жүрегімде екенсің...» метафизикалық драмасының премьерасы өтеді

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 27, 28 сәуір заманауи қазақ драматургиясының жаңа форматы «Жүрегімде екенсің...» метафизикалық драмасының премьерасы өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Драматург Мия Алгожаеваның қаламынан туған бұл туынды – адам жанының терең қатпарларына үңіліп, ұлттық код пен рухани тамырды іздеуге бағытталған туынды болмақ.

Қойылымның ерекшелігі мен жаңалығы: Бұл шығарма дәстүрлі театр шеңберінен шығып, метафизикалық бағытта сахналанады. Қоюшы режиссер Қуаныш Мамытқалиев көрерменді жай ғана оқиғаға куәгер етпей, кейіпкердің ішкі әлеміндегі жұмбақ лабиринтке жетелейді. Бұл ретте драматург Мия Алгожаеваның адам психологиясының ең нәзік қатпарларын дәл басып, болмыс пен бейболмыстың аражігін философиялық тереңдікпен өре білген қаламгерлік шеберлігі туындының интеллектуалдық деңгейін асқақтатып тұр.

Сюжеттік желі:  Парижде өскен қазақ қызы Шерлин көп жыл өткен соң Алматыға оралады. Оның мақсаты – өз өмірінің көмескі қалған беттерін ашу, балалық шағы мен тамырына қайта жалғану.

Бейтаныс пәтерде басталған жұмбақ оқиғалар, Шерлинді өз жадынан өшірілген өткеніне жетелейді. Уақыт шырғалаңына түскендей күй кешкен кейіпкер шындық пен елестің арасын ажырата алмай, жанындағы адамдардың кім екенін және өз тағдырының қалай өзгергенін түсінуге тырысады.

Спектакль ұлттық тамырдан ажыраудың ауыр салдарын, адам жанының терең жарасын және туған жерге деген мәңгілік сағынышты бейнелейді. Бұл – шетелде өскен қазақ балаларының өз рухани коды мен ұлттық болмысын іздеу жолындағы әсерлі хикая.

Неге қойылым бүгінгі күнмен ұштасқан: Шетелде өскен қазақ балаларының өз рухани болмысын іздеуі – бүгінгі қоғамның ең ауыр да маңызды тақырыптарының бірі.

Жұлдызды құрам: Сахнада Бахтияр Қожа, Шынар Асқарова, Гүлшат Тутова сынды театр майталмандары мен қоса Захира Рахымжан, Әділет Базарбай, Райымбек Бекет пен Зарина Каташева бастаған талантты жастар өнер көрсетеді.

Бұл спектакль  көрерменге шетелдегі қазақ балаларының «Біз кімбіз? «Біздің тамырымыз қайда?» деген сұраққа жауап іздететін, сезім мен сананың арпалысына толы қойылым.

                        Негізгі қойылым тобы:

Авторы:Мия Алгожаева

            Қоюшы режиссер: Қуаныш Мамытқалиев

            Қоюшы суретші: Қуат Түстікбаев

Киім суретшісі:  Балауса Әбдіманапова

            Концертмейстер: Аиша Асанжанова

            Хормейстер: Алтынбек Жолдыбаев

            Балетмейстер: Гузель Мухамеджанова

📆27-28 сәуір 2026 жыл

⏰ 18:30

📍Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры. Абылай хан, 38.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Балалар ғылыми музейі ашылады

Бүгін 17:10

Тоқаев әлемнің аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқанына назар аударды

Бүгін 17:08

Халықаралық қонақ үй операторы Алматыда жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Бүгін 16:37

Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Бүгін 16:13

Жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған тақырыптық панельдік сессия өтті

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика