AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жұмыссыздық жәрдемақысы үш айға ғана тағайындалуы...

Жұмыссыздық жәрдемақысы үш айға ғана тағайындалуы мүмкін

Әлеумет Бүгін 11:09 40
Жұмыссыздық жәрдемақысы үш айға ғана тағайындалуы мүмкін

Бұған дейін әлеуметтік төлем жүйеге қатысу өтіліне қарай 1 айдан 6 айға дейін беріліп келген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысынан айырылған қазақстандықтар нені білуі және қандай қадамдар жасауы керектігін айтты.

Қазақстанда халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған бірқатар шара қарастырылған. Оның ішінде:

  • жұмыс іздеуге көмектесу;

  • кәсіптік оқыту;

  • субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру;

  • тиісті құқығы болған жағдайда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау.

Мемлекет көмегін алу үшін не істеу керек?

Бірінші қадам. Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. Мұны тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығында, электронды үкімет порталы немесе Enbek.kz порталы арқылы жасауға болады.

Тіркелгеннен кейін мансап орталығы мамандығыңызға, жұмыс тәжірибеңізге, біліктілігіңізге, қалаған жалақы деңгейіңізге және басқа да талаптарға қарай бос жұмыс орындарын ұсынады.

Егер әзірге лайықты жұмыс табылмаса, азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларына ұсынылады.

Олардың қатарында:

  • жаңа мамандық алу үшін кәсіптік оқыту;

  • субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру;

  • жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару.

Бұл ретте жұмыс іздеу процесіне белсенді қатысып, ұсынылған жұмыс орындарын қарастырған маңызды. Ұсынылған үш лайықты жұмыстан негізсіз бас тартқан жағдайда жұмыссыз мәртебесі тоқтатылады.

Егер азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып, ол үшін әлеуметтік аударымдар төленіп отырған болса, оған жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалуы мүмкін.

2026 жылғы 1 қазаннан бастап іске қосылатын пилоттық жоба аясында бұл төлем ең көбі үш айға дейін тағайындалуы мүмкін. Бұған дейін әлеуметтік төлем жүйеге қатысу өтіліне қарай 1 айдан 6 айға дейін беріліп келген.

"Оның мөлшері азаматтың орташа айлық табысына және жүйеге қатысу ұзақтығына байланысты. Төлем 7 ең төменгі жалақы мөлшері шегіндегі орташа айлық табыстың 45 пайызын құрайды. Яғни 595 мың теңге шегінде есептегенде, төлемнің ең жоғары мөлшері 267 750 теңге болады. Бұл әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы халықаралық тәсілдерге сәйкес келеді. Жұмыссыз мәртебесі тоқтатылған жағдайда төлем де тоқтатылады", – деп түсіндірді Еңбек министрлігі.

Жұмысқа орналасқаннан кейін де мансап орталығы азаматтың жұмыспен қамтылуын бақылауды жалғастырады.

Осылайша, жаңа жұмысқа орналасу жолы бірнеше кезеңнен тұрады:

  • жұмыс іздеуші ретінде тіркелу;

  • бос жұмыс орындарын іріктеу;

  • қажет болған жағдайда қосымша қолдау шараларын алу;

  • кейін жұмысқа орналасу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыссыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз нысан бұзыла бастады

Бүгін 11:48

Қазақстанда «қызыл аймақтағы» ЖЭО-лар саны 4 есеге қысқарды

Бүгін 11:10

Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерс ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін 11:02

Алматыда электр энергиясы тағы қымбаттайды

Бүгін 10:05

Үкіметте «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына дайындық мәселелері қаралды

Бүгін 09:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);