Жексенбіде Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі. Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, Астанада күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде +12…+14, күндіз +16…+18 градус жылы.
Алматыда жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +25…+27 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +28…+30 градус жылы болады.