конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / ”Жеке менеджер” сервисі: мемлекеттік қызметті алу...

”Жеке менеджер” сервисі: мемлекеттік қызметті алу қалай жеңілдейді?

Мұны білген жөн Бүгін 17:21 54
”Жеке менеджер” сервисі: мемлекеттік қызметті алу қалай жеңілдейді?
Автор ұсынған сурет

Жыл басынан бері 25 мыңға жуық алматылық мемлекеттік қызметтерді жеке менеджер арқылы алуды таңдаған. “Жеке менеджер” қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтарында, көшпелі қызмет көрсету форматында да қолжетімді, деп хабарлайды “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалы, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

“Жеке менеджер” қызметі барлық ХҚКО-да, оның ішінде мамандандырылған орталықтарда көрсетіледі және басымдықпен қызмет алуға мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану үшін тіркеу орнына жүгініп, келісімшарт жасау қажет. Осыдан кейін маман құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде қызмет алушыға жеке көмек көрсетеді.

Қызмет құны халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 5 697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 6 306 теңге.

ХҚКО-ға түрлі себептермен келе алмайтын азаматтар үшін жеке менеджердің көшпелі қызмет көрсету форматы қарастырылған. Маман алдын ала берілген өтінім негізінде келісілген уақыт пен мекенжайға барады. Көшпелі қызмет көрсету құны – 7 447 теңге. Бұл сомаға ұйымдастыру және логистикалық шығындар кіреді.

Айта кетейік, көшпелі формат ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтері бойынша ұсынылады. Алайда паспортты, жеке куәлікті, жүргізуші куәлігін рәсімдеу және көлік құралдарын қайта тіркеу қызметтері бұл форматта көрсетілмейді.

Аталған қызмет әсіресе кішкентай баласы бар ата-аналар, жұмыс кестесі тығыз азаматтар және кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие. Дегенмен оны кез келген өтініш беруші өз қалауымен пайдалана алады. Бұл формат қызмет алуды алдын ала жоспарлап, күту уақытын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жеке менеджердің көшпелі қызметіне өтінім беру үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы “Қызметтер” бөліміне өтіп, “Жеке менеджердің үйіне бару” бөлімін таңдау қажет. Одан кейін “Өтінім қалдыру” батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру керек.

Өтінім жіберілген соң көрсетілген телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама жолданады. Бір жұмыс күні ішінде оператор өтініш берушімен байланысып, қызмет көрсету уақыты мен өзге де мәліметтерді нақтылайды.

Сонымен қатар, 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы кеңес алып, өтінім қалдыруға болады. Кеңес берілгеннен кейін өтініш берушіге жеке менеджерді үйге шақыру үшін арнайы сілтеме SMS арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация азаматтардың қажеттіліктерін ескеретін және мемлекетпен өзара байланысты жеңілдететін қызметтерді кезең-кезеңімен енгізуді жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан Қазақстанның халық артисі Әлібек Дінішевті 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Бүгін 17:32

Алматыдағы Есентай жағалауы кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Бүгін 17:01

Алматы мен Түркияның әуе қатынасы кеңейіп келеді: Измир қаласына тікелей рейс ашылды

Бүгін 16:57

Алматыда «Қарызды өтеп, өсімпұлдан құтыл!» акциясы басталды

Бүгін 16:12

Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?

Бүгін 14:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);