Жазушы сайлаудың ел болашағы үшін маңызын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыш Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Ол №693 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Жазушы сайлаудың ел болашағы үшін маңызын атап өтіп, қала тұрғындарын азаматтық белсенділік танытуға шақырды.

«Бүгін мен де еліміздің әрбір азаматы секілді таңдау жасап, кандидатқа дауыс бердім. Баршаңызды дауыс беруге шақырамын. Таңдау жасау арқылы азаматтық ұстаным білдіре аламыз», – деді Нұрдәулет Ақыш.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Депутаттық мандатқа 168 кандидат үміткер: 109-ы төрт саяси партияның тізімі бойынша, 59-ы 21 бірмандатты сайлау округі бойынша тіркелген.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.