AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жастар санасын қорғау – экстремизм мен терроризмні...

Жастар санасын қорғау – экстремизм мен терроризмнің алдын алудың басты бағыты

Заң мен тəртіп 26.02.2026, 09:23 204 dulatbekova
Жастар санасын қорғау – экстремизм мен терроризмнің алдын алудың басты бағыты
Сурет: Stan.kz

Алматы қаласында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың санасын теріс идеологиялардан қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру және діни танымын дұрыс қалыптастыру мақсатында 10–11 сынып оқушыларымен арнайы лекция өткізілді.

Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтанушы Мырзабаев Нұрлан арнайы қатысып, оқушылармен мазмұнды сұхбат құрды.

Лекция барысында маман экстремизм, терроризм және радикализм ұғымдарына кеңінен тоқталды.

  • Экстремизм – қоғамдағы тұрақтылықты бұзуға, конституциялық құрылымды өзгертуге бағытталған шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттер.

  • Терроризм – қорқыту, күш көрсету, зорлық-зомбылық жасау арқылы саяси немесе діни мақсатқа жетуді көздейтін қылмыстық іс-әрекет.

  • Радикализм – белгілі бір идеяны түбегейлі, ымырасыз түрде қолдап, оны күшпен жүзеге асыруға ұмтылатын көзқарас.

Нұрлан Мурзабаев өз сөзінде жастардың интернет желісіндегі күмәнді ақпараттарға сын көзбен қарауы, діни мәліметтерді тек ресми және сенімді дереккөздерден алуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, дәстүрлі дін мен теріс ағымдардың айырмашылығын түсіндіріп, ұлттық құндылықтар мен зайырлы қоғам қағидаттарының маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Әсіресе әлеуметтік желілердегі радикалды идеологиялардың таралу жолдары мен одан сақтану тәсілдері кеңінен талқыланды.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық және діни сауатын арттыру, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға үлес қосу болды.

Осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері жастардың теріс ағымдардың ықпалына түспеуіне, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терроризм #алдын алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жүк көлігі велосипедші баланы басып кетті: жасөспірім оқиға орнында көз жұмды

Бүгін 17:02

Путин Тоқаевқа алғыс білдірді

Бүгін 15:21

Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

Бүгін 14:08

Ресей Қазақстаннан баратын жүк тасымалдаушыларға жаңа талап енгізбек

Бүгін 11:23

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай?

Бүгін 10:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);