AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Зергерлік бұйымдарға сұраныс жоғары

Зергерлік бұйымдарға сұраныс жоғары

Өмір-өзен 24.03.2023, 11:06 1,502
Зергерлік бұйымдарға  сұраныс жоғары
Сурет: Atpress.kz

Бүгінде қазақтың ұлттық бұйымдарын күнделікті киіммен үйлестіру сәнге айналды.


Зергерлердің дәстүрін сақтай отырып, жастар жаңа стиль туғызды. Саусағына ою-өрнекті жүзік, шашына сылдырлаған шолпы таққан қыздарды көшеде жиі кездестіруге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Қазақтың зергерлік бұйымдарына қызғушылар қатары қалың.  Астаналық жас зергер Наргиз Құрманғазина баба мұрасын заманға сай жаңғыртып жүр. Оның  күмістен құйған әшекейлері көпшілікке танымал. Наргиз Құрманғазина зергерлік бұйымдарды эксклюзивті етіп жасайды. Яғни, әр бұйымның дизайнын өзі ойлап табады. Ою-өрнекті заманауи стильмен үйлестіре біледі. Әсіресе, қошқар мүйізді оюды көп қолданады. Ал шолпы мен шашбауға тарихи таңбалар мен  інжу тастар қосады.



«Мен өнер және дизайнмен көптен бері айналысамын. Зергерлік бұйымдарды жасауда қиялыма ерік беремін. Мысалы, бұл сақинаға күміс пен мысты араластырып жасадым. Пішінін де өзім ойлап шығардым», - дейді жас зергер Наргиз Құрманғазина. 



Зергер қыз ерекше туындыларды жасап қана қоймай, ісін брендке айналдырды. Қазірде жас зергердің жұмысы үлкен сұранысқа ие. Өнерлі жастың тұрақты тұтынушылары әшекейлердің күнделікті киімге ерекше стиль беретінін айтады.



«Бұл зергерлік бұйымдарды спорттық киіммен де, классикалық үлгідегі киіммен де тағуға болады. Тіпті кез келген шаш үлгісіне үйлеседі. Әрі оның жасаған әшекейлері басқа зергерлердің жұмысынан өзгеше», - дейді қала тұрғыны Айым Әбілдина. 



Бір қызығы, қазір жастар арасында мұндай әшекей тағу сәнге айналған. Этностильдің ерекшелігіне тамсанбайтын жан жоқ. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық стиль #Әшекей #Қазақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);