Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Зергердің «Жаңғыртуы» музей төрінен орын алды

Зергердің «Жаңғыртуы» музей төрінен орын алды

Көрме 11.09.2024, 11:49 1,952
Зергердің «Жаңғыртуы» музей төрінен орын алды
aqshamnews.kz

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі зергер Серікқали Көкеновтың  «Жаңғырту» атты жеке көрмесі ашылды.

«Серікқали Көкенов — көне әдіс-тәсілдерді қайта жаңғыртып заманауи дем беруші шебер. Оның қолданысында Қазақстанда б.д. дейінгі ІV-III ғасырлармен белгіленген бүртіктеу және сіркелеу көне  әдістері басым. Орталық және Батыс Қазақстан өңірлерінде қонданылатын, өте ептілікті қажет ететін бұл әдістердің заманауи жаңғырығы зергердің негізгі қаруы. Зергер туындыларында еліміздің аумағында өңделетін асыл тастарды қолдану арқылы тақырыптық бұйымдар жасауда ізденісі сарқылмаған. Пайдаланатын материалдарға маржан, жақұт, көгілдір асыл тастар, тау кристалдары және т.б. бағалы тастар кіреді», — дейді көрме жетекшісі, музейдің «Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері Ақжігіт Нүсіп.

Көрме зергердің шығармашылығының кейінгі кезеңіндегі жұмыстарынан құралған. Экпозицияда 150-ден астам зергерлік бұйым, 6 панно және 10 мүсіндік туындылары таныстырылды. Біраз бөлігі жиынтықты бүртіктеу және сіркелеу әдістерімен орнындалған дәстүрлі әшекей бұйымдардан тұрады. Ал қалған жұмыстары көрікті жерлерді сипаттау, ұлттық құндылықтарды баяндау және түрлі тақырыптарда орындалған. Әр бұйымның жасалу әдіс-тәсілдері ұқсас болғанымен, пішіндері мен тақырыптық мағыналары бөлек. Әшекейлердің бірнеше түрлерін ұштастыру арқылы ізденістік шығармалары да кездеседі. Нәзіктік пен терең тақырыптық ізденістерді көрмеден бірден аңғарасыздар.

Ерекше туындылар музей төрінде қазан айының 2-не дейін тұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әбілхан Қастеев #«Жаңғырту»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика