Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зардап шеккен алматылық кәсіпкерлер Асхат Ораловпе...

Зардап шеккен алматылық кәсіпкерлер Асхат Ораловпен кездесті

Әлеумет 05.03.2022, 08:40 1,436
Зардап шеккен алматылық кәсіпкерлер Асхат Ораловпен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy

Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері AMANAT партиясының басымдығы болып қала береді.


AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Алматыға жұмыс сапарының екінші күні қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар партияның Жастар қанатының белсенділерімен алдағы жұмыс бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кездесу барысында алматылық кәсіпкерлер Асхат Ораловқа нысандарды қалпына келтіру жағдайы және қазіргі таңда орын алып отырған түйінді мәселелер туралы айтты.



«Партия Төрағасы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша нысандарды қалпына келтіру және зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдануда. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, Алматыда 1 мыңнан астам кәсіпкер 3,7 млрд теңге сомасында төлем алды. Олардың ішінде сауда, қоғамдық тамақтану, логистика, БАҚ және басқа да салалардың субъектілері бар. 10 наурызға дейін тағы 200-ден астам өтінішті қарау жоспарлануда, осылайша өтініштердің 90% қанағаттандырылады», - деді Асхат Оралов кездесу қорытындысында.



Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде халықтың 40% жуығына жұмыс беріп отырған 1,4 миллионнан астам кәсіпкер бар. Алматы қаласының өзінде 200 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері әрқашан AMANAT партиясының басым бағыты болып қала береді.


Осы күні Асхат Оралов партия Жастар қанатының белсенділерімен де кездесті.



«Партияны трансформациялау жүріп жатқан кезеңінде Jas Otan жергілікті жерлердегі жастардың проблемаларын шешуге бағыталған жұмысты бұрынғыдан да күшейтіп, оны күн тәртібінен түсірмеуі тиіс. Қазіргі уақытта партия жастардың, оның ішінде NEET санатындағы жас буынның түйінді мәселелерін анықтау бойынша кешенді талдау жүргізуде. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жаңа жастар бағдарламасы әзірленіп, ол Jas Otan форумында қабылданады», - деп түйіндеді Асхат Оралов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес #Алматы #партия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика