AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ”Заң мен тәртіп”: қоғамдық тұрақтылық негізі

”Заң мен тәртіп”: қоғамдық тұрақтылық негізі

Заң мен тəртіп Бүгін 17:00 39 yakiya
”Заң мен тәртіп”: қоғамдық тұрақтылық негізі

Алматы қаласының Ерте араласу әлеуметтік қызметтер орталығында “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы шеңберінде “дөңгелек үстел” басында кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Баяндама жасаған аталған мекеменің заңгері Эльмира Өтегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тек заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар әділетті, ашық және жауапты басқару жүйесін қалыптастырудың маңызды шарты екенін атап өтті. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тұрақты назар аудару және бұл іске әрбір қызметкердің қатысуы ерекше маңызға ие екендігі айтылды.

“Сыбайлас жемқорлық лауазымдық немесе қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдде үшін пайдалану, соның ішінде пара алу немесе беру, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және өзге де жеке пайда табуға бағытталған әрекеттер ретінде сипатталады. Жалпы, жең ұшынан жалғасу басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде, сатып алу қызметін жүзеге асыру барысында, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде, сондай-ақ контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау сәтінде туындауы мүмкін. Біз әріптестермен осы мәселелерді талқыладық.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар да қарастырылды”, - дейді Алматы қаласының Ерте араласу әлеуметтік қызметтер орталығының заңгері Эльмира Өтегенқызы.

Іс-шара барысында мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың үш негізгі бағыты айқындалды:

* қызметкерлерді ақпараттандыру - құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қалыптастыру;

* ішкі үдерістерге мониторинг жүргізу - тәуекелдерді анықтау және азайту мақсатында қызметті талдау және бақылау;

* сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - ішкі рәсімдерді жетілдіру, бақылауды күшейту және адал мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігі тек ұйымдастырушылық іс-шараларға ғана емес, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігіне де байланысты. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және заңдылық қағидаттарын ұстану кәсіби қызметтің міндетті талабы болып табылады. Сондықтан біз осы бағыттағы жүйелі жұмысты одан әрі нығайту, процестердің ашықтығын арттыру және ұжымда адалдық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігіне тоқталдық”, - дейді орталық заңгері.

Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың сенімін арттыруға, мекеме жұмысының сапасын жақсартуға және ашық әрі жауапты басқару қағидаттарын дамытуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дөңгелек үстел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасанды интеллект негізіндегі «ақылды» жылумен жабдықтау жүйесі енгізіледі

Бүгін 17:46

2026 жылы Алматыда 270 шақырымға жуық электр желісі жаңғыртылады

Бүгін 17:45

Алматыдағы Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры айтулы халықаралық фестивальге қатысады

Бүгін 17:42

Алматының Жетісу ауданында жаңа «демалыс күнгі жәрмеңке» ашылады

Бүгін 17:37

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);