Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / “Заң мен тәртіп”: Алматыда жастар арасында құқықты...

“Заң мен тәртіп”: Алматыда жастар арасында құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатында 300-ден астам іс-шара өтті

Заң мен тəртіп 26.12.2025, 12:15 517
“Заң мен тәртіп”: Алматыда жастар арасында құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатында 300-ден астам іс-шара өтті
сурет: Алматы әкімдігінен

Алматыда жастардың құқықтық санасын арттыруға, азаматтық жауапкершілік қалыптастыруға және заңға құрмет мәдениетін нығайтуға бағытталған кешенді бағдарлама іске асырылып жатыр. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының бастамасымен, «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары аясында қолға алынған. 
 
Бағдарлама құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруды қамтиды. Биыл жыл басынан бері қалада 330-дан астам түрлі форматтағы іс-шара ұйымдастырылып, оларға 20 мыңнан астам жас қатысты.


 
Іс-шаралар қатарында «НаркоSTOP» акциялары, профилактикалық рейдтер, «Заң және жастар: саналы азамат мәдениеті» атты кездесулер, дөңгелек үстелдер, құқықтық дәрістер, семинарлар, пікірталастар, case-чемпионаттар, викториналар, құқықтық квиздер, фотоквестер мен онлайн-акциялар өтті. Іс-шаралар комьюнити орталықтарда, жоғары оқу орындары мен колледждерде, студенттер үйінде және онлайн платформаларда ұйымдастырылды.


 
Жоғары оқу орындары мен колледждерде депутаттар, заңгерлер және медиаторлар қатысқан 30-дан астам дәріс, семинар және дөңгелек үстел өткізілді. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Университет – жемқорлықсыз» жобасы жүзеге асырылды.

«Заң мен тәртіп – бұл тыйымдар жүйесі емес, ең алдымен жастардың күнделікті өміріндегі жауапкершілік пен саналы таңдау. Біздің міндет – жастарға заңды түсіндіру ғана емес, оны өмірлік құндылық ретінде қабылдауға жағдай жасау», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Сонымен қатар, «НаркоSTOP» жобасы аясында заңға құрмет пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттайтын вертикалды хикая іске қосылды. Бүгінгі таңда екі серия жарық көріп, әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таралып жатыр.

Жастар саясаты басқармасы сондай-ақ, «Антикоррупциялық еріктілік» және «Adal Urpaq» жобаларын жүзеге асырып отыр. Алатау ауданында 300-ден астам белсенді жасты біріктірген фронт кеңсе жұмыс істейді, оның 100-ден астамы тұрақты негізде қызмет атқарады. Жоба аясында 20-дан астам мониторинг, 30-дан астам көшпелі кеңес өткізіліп, адалдық пен әділеттілікті бейнелейтін көлемді мурал салынды.
 
Бұдан бөлек, Жетісу ауданында «Әділет» жастар қозғалысын құру жұмыстары басталды. Қозғалыс құқықтық мәдениетті дамытуға, заңдылық пен әділет құндылықтарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.
 
Осылайша, «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету Алматыда жастармен бірге жүргізілетін жүйелі жұмыстың маңызды бағытына айналып, құқықтық сауатты, жауапты әрі белсенді жас ұрпақ қалыптастыруға негіз болып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Заң мен тәртіп #Алматы жастары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41

Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Бүгін 10:22

Еркебұлан Тоқтар қырғыз файтеріне есе жіберді

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика