Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Заң және тәртіп: Алматыда заңсыз сауда нүктелерін...

Заң және тәртіп: Алматыда заңсыз сауда нүктелерін жаппай бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде

Әлеумет 05.02.2025, 15:26 809
Заң және тәртіп: Алматыда заңсыз сауда нүктелерін жаппай бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша стихиялық саудаға қарсы күрес және мемлекеттік қордың жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (бұдан әрі – ССН) жою мақсатында қаланың кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы стационарлық емес сауда нысандарын жаппай бөлшектеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қаланың барлық аудандарында арнайы жұмыс комиссиялары құрылды, олардың құрамына мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңестің және ҚР «Атамекен» ҰКП мүшелері кірді.

Екі күн ішінде 21 заңсыз нысан бөлшектелген. Мәселен, Әуезов ауданында Абай даңғылының бойындағы 4-шағынауданда 2 сауда нүктесі бөлшектелді, олар кондитерлік өнімдер мен көше тағамдарын сатумен айналысқан. Бұл ретте объектілер сумен жабдықтауға және су бұруға қолжеткізе алмаған әрі электр желілеріне рұқсат құжаттарынсыз  өздері  қосылған.

 

Көкжиек шағынауданында көкөністер мен нан өнімдерін сатумен айналысқан заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нүктелері де бөлшектелді. Оның айналасы абаттандырылмаған, бұл жергілікті тұрғындарға қолайсыздық тудырды.

 

Көптеген кәсіпкерлер мен тұрғындар мұндай шараларды қолдап, барлық санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін атап өтті. Әуезов ауданының тұрғыны Лариса Мерғалиева заңсыз сауда нысандарын бұзуды қолдайтынын атап өтті.

 

«Заңсыз сауда нүктелерінің инженерлік желілерге қосылуға заңды негізі жоқ, кейбіреулерінде тіпті су жоқ. Бұл сатудың санитарлық жағдайына да әсер етеді. Олар заңсыз жұмыс істейтіндіктен, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудан да тыс қалған әрі бұл да қауіпті. Сондықтан мұндай нысандарды бұзу керек», - деді ол.

 

Кәсіпкерлер сондай-ақ қызметті заңды негізде жүзеге асыру қажет деп санайды.

 

«Қалада өркениетті, заңды сауданы ұйымдастыру мәселесі баяғыда баяғыдан бері айтылып келеді. Сондықтан қазір осы бағытта қажетті шараларды қабылдай бастағанымыз жақсы. Алматы-еліміздегі ең ірі сауда орталықтарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, мегаполистегі барлық сауда нүктелерінің заң бойынша барлық талаптарды орындай отырып, тек заңды негізде жұмыс істеуі маңызды», - деп атап өтті кәсіпкер Мөлдір Жұмашева.

 

Бөлшектеу процесінде инженерлік коммуникациялық желілерден, электр және сумен жабдықтаудан ажырату көзделген. Қалалық Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесіп, бөлшектеу орнында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Еске салсақ, Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 тамыздағы №3/469 «Алматы қаласының аумағында стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы» Қаулысына сәйкес қалада 157 стационарлық емес саудан нысандарын орналастыру үшін 142 орын бекітілген. Стационарлық емес сауда нысандарында заңды негізде қызметін жалғастыруға ниет білдірген кәсіпкерлер Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының сауда бөліміне 390 21 30 телефоны бойынша жүгіне алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сауда #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Бүгін 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Бүгін 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгін 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика