AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Zamandastar -IV» атты республикалық жас суретшіл...

«Zamandastar -IV» атты республикалық жас суретшілер көрмесі ашылады

Мәдени Алматы 23.04.2026, 15:13 220 yakiya
«Zamandastar -IV»  атты республикалық жас суретшілер көрмесі ашылады

23 сәуір күні сағат 17:00-де «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының» 90 жылдығына арналған мерейтойлық альбомның тұсаукесер рәсімі және жас суретшілердің «ZAMANDASTAR-IV» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталған шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Мерейтойлық альбомда «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының» құрылу тарихы мен қызметі туралы бөлім, сондай-ақ Қазақстанның мүсін және кескіндеме шеберлерінің жарқын туындыларының фотосуреттері топтастырылған. Альбомда 2023 жылғы желтоқсан айында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде және Ә. Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде өткен «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының» мерейтойлық көрмесіне арнайы ұсынылған таңдаулы жұмыстар, сондай-ақ көрмеге қатысқан шетелдік суретшілердің туындылары ұсынылған. Көрмеде көрсетілген барлық жұмыстар Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейіне және Ә. Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейіне сыйға тартылды.

Альбомға «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының» мүшелері болып табылатын екі жүзден астам автордың еңбектері, сондай-ақ Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Литва және Канада суретшілерінің шығармалары енген. Авторлық стильдердің алуан түрлілігі, тақырыптардың кеңдігі және көркем-пластикалық шешімдердің жаңашылдығы ұлттық классикалық бағыттағы көркем мектептердің дамуының жаңа кезеңін айқындайды. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген.

«ZAMANDASTAR – IV» жас суретшілер көрмесіне Оралбек Қабөке, Алмас Нұрғожаев, Дәуренбек Бекназар, Әлішер Жүргенов, Нұрболат Асқар, Айдос Сейдақұл, Санжар Сырғабаев, Тұрғын Абдурахман, Нұрлан Сатаев, Сұлтан Аманжол, Мөлдір Сағындықова, Махаббат Сағындық, Айгерім Оспан Тұрбай Мұратбек, Елдос Азаматұлы, Қажыбек Ақмарал, Қабикожаева Алия, Өркен Аят және Зарина Чукетаеваның туындылары ұсынылады.

Көрменің басты ерекшелігі – мұнда бір ғана стиль немесе тақырып үстемдік етпейді, сондай-ақ ортақ тақырып та жоқ. Керісінше, бір кеңістікте түрлі көркемдік үндер мен шығармашылық ізденістер тоғысқан. Классикалық реализмнен бастап декоративтік жинақтауға дейін, нәзік портреттік шешімдерден ауқымды пейзаждық және жанрлық композицияларға дейін көрерменге шығармашылық тәсілдердің кең ауқымы ұсынылған. Авторлық қолтаңбалардың айырмашылығына қарамастан, оларды біріктіретін ортақ мақсат – өмірді өнер тілімен сезіну. «ZAMANDASTAR» жобасы 2019 жылы Нұрлан Сатаев пен Тұрғын Абдурахманның бастамасымен жүзеге асқан авторлық көрме циклі болып табылады.

Кіру – тегін.

Өтетін күні мен уақыты: 23.04.2026, 17:00

Мекенжайы: Достық даңғылы, 44

Сайт: https://relyum-obedinenie-muzeev.webflow.io/galereya-almaty  

Қосымша ақпарат: 8 708 820 6179

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 13:39

584 педагог пен 3676 оқушы: Алматыдағы пилоттық жоба алғашқы нәтижесін көрсетті

Бүгін 13:36

Алматыда жазғы маусым ашық аспан астындағы үлкен концертпен ашылды

Бүгін 11:48

Қазгидромет тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 10:09

Жел, жаңбыр, аптап: Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);