AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Заманауи әскер — мемлекет сенімділігі

Заманауи әскер — мемлекет сенімділігі

Әлеумет Бүгін 20:48 71
Заманауи әскер — мемлекет сенімділігі
ҚР Қорғаныс министрлігі

№78460 әскери бөлімінде «Sarbaz+» жобасы аясында кезекті оқу-жаттығу жиыны өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Sarbaz+» пилоттық жобасы аясында №78460 әскери бөлімінде «Тактикалық дайындық федерациясы» мен «Sagadat Batyr» спорт клубының бірлесуімен әскери қызметшілерге арналған «Тактикалық медицина» және «Окоптағы ұрыс жүргізу» тақырыптары бойынша теориялық әрі практикалық оқу сабақтары ұйымдастырылды.

«Sarbaz+» жобасы — бұл заманауи әскердің жаңа үлгісі. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар бір жылдық қызмет аясында дрон басқару, жасанды интеллект негіздері, ағылшын тілін үйренумен қатар джиу-джитсу, заманауи фитнес, тактикалық медицина және арнайы жауынгерлік даярлық бойынша жан-жақты білімін шыңдап жатыр. Кезекті оқу-жаттығу сабағы барысында қатысушыларға ұрыс алаңында жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсету тәртібі, сондай-ақ шектеулі окоп жағдайындағы қорғаныс пен шабуылдың негізгі тактикалық тәсілдері кеңінен үйретілді.

Маңызды іс-шараны «Тактикалық дайындық федерациясының» президенті Сыдыкбаев Ермек Серікұлы, федерацияның негізін қалаушы Спатаев Нұрдәулет Берегенұлы, тактикалық медицина нұсқаушысы Изембаев Дамир Рафикұлы және «Sagadat Batyr» спорт клубының негізін қалаушы Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы жоғары кәсіби деңгейде өткізді.

Бұл сабақтардың басты мақсаты — қатысушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіру, төтенше және жауынгерлік жағдайларда жедел әрекет ету қабілетін арттыру, сондай-ақ ел Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлық деңгейін көтеруге үлес қосу.

Шара қорытындысында «Sagadat Batyr» спорт клубының негізін қалаушы Нұрсұлтан Орынбасаров өз пікірін білдіріп:

«Интеллектуалды әрі физикалық тұрғыдан шыңдалған жастар — еліміздің қорғаныс қабілеті мен тұрақтылығының басты негізі. Мен де осы жоба аясында сарбаздарымыздың жан-жақты дамуына өз үлесімді қосып, джиу-джитсу бағытын белсенді дамытып келемін. Бүгінгі таңда сарбаздарымыз өте мықты, қысқа мерзім ішінде спортта да, жауынгерлік дайындықта да жоғары нәтижелер көрсетуде. Сарбаздардың жан-жақты шыңдалуына жағдай жасап отырған әскери бөлім командирі Бараков Азиз Тоқтарбайұлына және өз ісінің нағыз кәсіби маманы саналатын «Тактикалық дайындық федерациясының» ұжымына ризашылығымды білдіремін. Бірлескен жұмысымыз еліміздің қорғаныс саласын одан әрі нығайта береді», — деп атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

Бүгін 18:00

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

Бүгін 17:45

«Оқитын ұлт»: Алматыда Қала күніне орай сауда орталығындағы екінші кітап беру пункті ашылды

Бүгін 17:24

Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 17:03

Алматыда 1 қыркүйектен бастап көкөністер белгіленген бағамен сатылады

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);