AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зағип жандарға арнайы жұмыс станциялары орнатылды

Зағип жандарға арнайы жұмыс станциялары орнатылды

Әлеумет 03.12.2024, 09:16 844
Зағип жандарға арнайы жұмыс станциялары орнатылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы кітапханаларға көзі нашар көретіндер мен зағип жандарға арналған арнайы жұмыс станциялары орнатылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылды, олар мәтінді тактильді форматта көрсетеді, Брайль қарпімен басып шығаратын принтерлер, мәтіндерді үлкейту және олардың контрастын өзгертуге арналған құрылғылар, мәтінді оқып, оны дыбыстық форматта шығаруға және аудиоға айналдыруға мүмкіндік беретін сканерлер, аудиокітаптарды жайлы тыңдау үшін жоғары сапалы дыбыстық құлаққаптар, сондай-ақ бейімделген бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютерлер қолжетімді. Бұл жұмыстар көзі нашар көретін және зағип жандар үшін кітаптар мен басқа да білім беру материалдарына инклюзивті қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.

Жобаның артықшылығы, арнайы жұмыс станцияларында көзі нашар көретін азаматтар өздері қызмет етеді. Бұл келушілерге олардың қажеттілігін жақсы түсінетін мамандардан білікті көмек алуға мүмкіндік береді. Мамандар оқырмандарға жабдықты қолдануды үйренуге, қажетті ақпаратты табуға көмектесуге, оқу мен өзін-өзі дамытуға арналған ресурстарды ұсынуға, кеңес беруге және құрылғыларды баптауға қолдау көрсетуге дайын.

«Біздің басты мақсатымыз – барлық азаматтың білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Біз кітапханаларды әркім оқып, дамуға мүмкіндік алатын инклюзивті кеңістікке айналдыруға тырысамыз. Қала әкімі Алматыны әділетті және әр тұрғынға қамқорлықпен қарайтын үлгі қала ету міндетін қойып отыр. Біз соның ішінде мәдениет саласында, осы мақсатқа қол жеткізетін бастамаларды белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Жалпы, әр кітапхана қоғам өмірінің орталығына, даму, шығармашылық және өзара әрекеттесу кеңістігіне айналуда, мұнда оқырмандар ресурсты, қолдауды және шабытты таба алады», – деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Арнайы жұмыс станциялары орнатылған кітапханалар: А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана (Гоголь көшесі, 109), №14 көпшілік кітапхана-филиалы (Римский-Корсаков көшесі, 3), №4 көпшілік кітапхана-филиалы (Абай даңғылы, 141), ALATAU CREATIVE HUB (Нұркент шағын ауданы, 5/11), №45 көпшілік кітапхана (Мамыр-7 шағын ауданы, 8 а), Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы (Назарбаев көшесі, 43), Қазақ жазушылары кітапханасы (Алтынсарин көшесі, 37).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #зағипжандар #кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика