AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ыстанбұлда қазақ археолог профессор Айман Досымбае...

Ыстанбұлда қазақ археолог профессор Айман Досымбаеваға арналған халықаралық ғылыми-мәдени іс-шара өтті

Әлем 17.04.2026, 13:04 310 yakiya
Ыстанбұлда қазақ археолог профессор Айман Досымбаеваға арналған халықаралық ғылыми-мәдени іс-шара өтті

2026 жылғы 14 сәуірде Мимар Синан өнер университетінде көрнекті қазақ археолог, профессор Айман Досымбаеваға арналған халықаралық ғылыми-мәдени іс-шара өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығының қолдауымен, Түркі тарихы және мәдениеті қоры (TÜRKTAV) және Мимар Синан өнер университетінің Еуразия мәдениет және өнерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шара аясында «Дәуірлер үні: Айман Досымбаеваның Жайсан және Мерке археологиялық мұрасы» атты көрменің ашылуы өтті. Көрме Жайсан мен Мерке археологиялық нысандары арқылы ғалымның ғылыми еңбектерін, далалық зерттеулерін және түркі өркениетіне қосқан үлесін кеңінен таныстырды. Айман Досымбаева және Нұрболат Бөгенбайдың «Жайсан - Шу өзені түріктерінің киелі жері» атты түрік тіліндегі кітабының тұсаукесері мен панель отырысы ұйымдастырылды. Жиынға Мимар Синан өнер университетінің ректоры профессор Ахмет Саджит Ачыкгёзоғлу, Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл, университеттің әдебиет факультеті деканы, профессор Ханифе Конджу, Түркияның Әділет және даму партиясының (АК партиясы) Түркі мемлекеттерімен байланыстар жөніндегі төрағасының орынбасары доктор Решиде Юксель, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі және Халықаралық Дінмұхамед Қонаев қорының басқарма мүшесі Ержан Уәйіс, ғалымдар қатысты.

Панель отырысында профессор Ахмет Ташагыл, доктор Фетхи Ахмет Йүксел, доктор Нұрболат Бөгенбай және доктор Серхан Чынар баяндама жасап, Айман Досымбаеваның ғылыми мұрасы, түркі әлемінің археологиясы мен мәдени байланыстары жан-жақты талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#археолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының «Шығыс қақпасы» полиорталығында бірегей қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр

Бүгін 18:05

«ЭКО-Балалық шақ»

Бүгін 17:56

Алматыда океанариум, амфитеатр және су арнасы бар ауқымды Water Garden кешені бой көтереді

Бүгін 17:47

Бала – өмірдің гүлі, шаңырақтың шаттығы

Бүгін 16:51

Цифрлық тәуелділік: қоғам алдындағы жаңа сын

Бүгін 16:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);