AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ырысбек Дәбейдің жаңа кітабы жарық көрді: Қазақ әд...

Ырысбек Дәбейдің жаңа кітабы жарық көрді: Қазақ әдебиетіндегі тың туынды

Әлеумет 12.02.2025, 15:46 1,018 Nursok82
Ырысбек Дәбейдің жаңа кітабы жарық көрді: Қазақ әдебиетіндегі тың туынды
Ырысбек Дәбей

Алматы қаласындағы Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында жазушы Ырысбек Дәбейдің «Тұманды қараша. Ай сонатасы» атты жаңа кітабының тұсаукесер кеші өтті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Әдеби кешке белгілі қаламгерлер, жас жазушылар, БАҚ өкілдері және әдебиетсүйер қауым қатысты. Жаңа жинаққа автордың соңғы жылдары жазған әңгімелері мен «Тұманды қараша. Ай сонатасы» хикаяты енген. Бұл шығармалар бұған дейін оқырмандардың жоғары бағасына ие болып, республикалық және халықаралық әдеби бәйгелерде жүлделі орындарға ие болған.

Кеш барысында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, "Ақжелкен" журналының бас редакторы ақын Есей Жеңісұлы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты ақын Ақберен Елгезек, "Ана тілі" газетінің бас редакторы ақын Ерлан Жүніс, сондай-ақ Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Сламбайқызы мен кітаптың редакторы Санжар Бекжан туындының тұсауын кесіп, жазушының шығармашылығына жоғары баға берді.

Айта кетейік, «Тұманды қараша. Ай сонатасы» жинағы «Steppe & World Publishing» баспасынан жарық көрді. Бұл баспа заманауи қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан белді баспалардың бірі.

Ырысбек Дәбейдің бұл жаңа кітабы қазіргі қазақ әдебиетіндегі маңызды туындылардың бірі боларына сенім мол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #Ырысбек Дәбей #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);