Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Ы.Дүкенұлының 180 жылдығына арналған музыкалық кеш...

Ы.Дүкенұлының 180 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті

Тұлға 10.02.2023, 12:05 2,780
Ы.Дүкенұлының 180 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті
Суреттерді түсірген - Қ.Қонысбаев

Алматы қаласында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Ықыластың қара қобызы» атты дәстүрлі музыкалық кеш өтіп, қобызының көшірмесі музей қорына қабылданды.


Мерейтойлық музыка кешіне «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қобызшылары Рауан Аблқасов және Гүлназ Шабанбаева, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ, Ықылас Дүкенұлының ұрпағы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақнар Тәттібайқызы кеш жүргізушісі болды.




«Бүгінгі күні Ықылас Дүкенұлының қобызы Жамбыл облысындағы тарихи өлкетану мұражайында сақтаулы. Ол 2008 жылы мұражайға тапсырылғанға дейін күйші ұрпақтарының қолында болған. Тараз қаласының өңірлік шеберлер қауымдастығының жетекшісі Серік Бекетов осы қобыздың реставрациясын жасап, соның көшірмесін бүгін Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде тапсырды», – деді Ықылас Дүкенұлының ұрпағы Ақнар Тәттібайқызы.



Айта кеткен жөн, Ықылас Дүкенұлы – қазақ халқының дәулескер күйші-қобызшысы, қазақтың ұлттық ыспалы аспапты музыкасының көрнекті өкілдерінің бірі. Тұлғасы рухани тарихымыздың төрінен орын алған, Қорқыт бабадан кейінгі қобызға тіл бітірген адам. Ол қобыздың дыбыс-дауысын нақ және айқын шығуына себепкер болған. 19 жасында Ықылас өзінің бірінші күйін жазып, «Ықылас күйі» деген атау берген. Ол өзінің ең асыл ойларын қобыздың үн-дыбысының ішектеріне сіңірілген  күйлермен жеткізе білген.



Ықыластың алғашқы біртума күйлері қазақ халқының музыкалық ауыз әдебиетімен тығыз байланысты. Олар өзге аспаптық шығармалардан шапшаңдығымен және ырғақ құрылысымен өзгешеленеді. Сонымен қатар, оларда тақырыптық көлемімен ой-сана мазмұндарының көпқырлылығы байқалады. Ықылас эпостық-батырлық тұрғыдағы күйлерімен қатар философиялық-лирикалық бағыттағы шығармаларды да орындаған. Оның «Аққу», «Жезкиік», «Қамбар-Назым», «Қасқыр», «Кертолғау», «Ерден» сынды күйлері халық арасында кең тараған.


1990 жылы Алматы қаласындағы Халық музыкалық аспаптар музейіне даңқты қобызшының есімі берілген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ықылас #Музыка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20

Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден астам табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді

Бүгін 14:00

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Бүгін 12:02

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика