AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Вирустық гепатитті емдеудің жаңа тәсілдері бекітіл...

Вирустық гепатитті емдеудің жаңа тәсілдері бекітілді

Медицина 09.04.2023, 15:26 1,396
Вирустық гепатитті емдеудің жаңа тәсілдері бекітілді
сурет:gocb.by

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттары бекітілді.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» стандартты әзірлеп, бекітті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, стандартта созылмалы вирустық гепатиттермен (СВГ) және асқазан-ішек жолдарының басқа да ауруларымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі көзделген.


Сонымен қатар, құжатта ҚР тұрғындарына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету деңгейлері (медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдары, гастроэнтерологтың мамандандырылған кабинеті, гепатологиялық орталық, көп бейінді ауруханалар құрылымындағы гастроэнтерологиялық бөлімшелер/төсектер) құрылымдалған.
СВГ-ға зерттеп-қарау жүргізудің алгоритмі мен мерзімдері (ПТР, фиброскан, гастроэнтеролог / инфекционист дәрігердің консультациясы және т.б.) егжей-тегжейлі жазылған.
СГВ бар пациенттерді вирусқа қарсы терапиямен (ВҚТ) қамтуды жақсарту мақсатында бейінді маманның (гастроэнтеролог немесе инфекционист) МСАК деңгейіндегі консультациялық қорытындысы негізінде гепатологиялық орталыққа бармай-ақ «С» (F0-F2) вирустық гепатиті фиброзының жеңіл сатыларында вирусқа қарсы терапияны тағайындау схемасы жеңілдетілді.
Шетелдік тәжірибені ескере отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша оларда ілеспе СВГ анықталған кезде АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдардың ЖИТС орталықтарында вирусқа қарсы терапия алу мүмкіндігі туралы норма енгізілді. Олар сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымында вирусқа қарсы терапия ала алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вирустық гепатит #медицина #жаңа стандарттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Санкт-Петербург ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін 00:04

Алматы балабақшаларында балаларға өз қауіпсіздігін қорғау үйретілуде

Кеше 19:02

Жарыққа ұмтылған ұрпақ: білімге бастар бір қадам

Кеше 18:37

Мемлекет басшысы еліміз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді

Кеше 18:09

Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

Кеше 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);