AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалды: СІМ не дейді?

Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалды: СІМ не дейді?

Оқиға 10.03.2026, 09:15 267 Сұлу
Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалды: СІМ не дейді?
gov.kz

Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кетті. Қыз 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоғалған қыздың әпкесі әлеуметтік желілерде үндеу жариялады. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған.

Туыстарының айтуынша, жоғалар алдында Әсем қатты қорыққан және біреулер өзін аңдып жүргенін айтқан.

Әсемнің отбасы Вьетнамда немесе көрші елдерде жүрген барлық адамнан, сондай-ақ, сол жақта тұратын таныстары мен туыстарынан іздеуге көмектесуді сұрайды. Әсіресе WhatsApp пен Telegram желілеріндегі туристік және жергілікті қауымдастықтарға назар аударуды өтінеді.

"Егер Вьетнамда туыстарыңыз немесе достарыңыз болса, бізбен байланысқа шықсаңыздар. Сондай-ақ, мүмкін болса, полиция мен ауруханаларға хабарласып көрсеңіздер", - деп жазды жоғалған қыздың әпкесі.

Қазақстан СІМ не дейді?

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық дипломаттар қызды іздеу жұмысына қазірдің өзінде қосылған.

«Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі Әубәкір Әсемнің туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзырлы органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Қазір оның жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жағдай ҚР СІМ бақылауында», – деп хабарлады министрлік.

Қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Туыстары ақпараттың кең таралуы оның жүрген жерін тезірек анықтауға көмектеседі деп үміттенеді. Егер кімде-кім Әсем Әубәкір туралы қандай да бір мәліметті білсе, жақындары оны дереу құқық қорғау органдарына немесе Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне хабарлауды сұрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вьетнам #жоғалу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Бүгін 12:59

Алматыда халықаралық New Vision Forum 2026 форумы өтеді

Бүгін 12:25

Алматыда пайдаланылған батареяларды жинауға арналған пилоттық жоба іске қосылды

Бүгін 12:07

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Бүгін 12:03

Алматыдағы қасбеттерді жаңғырту: тарихи келбетті сақтап, қалалық ортаны жаңарту

Бүгін 12:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);