AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Валюталық шарттар бақылауда: Алматы бизнесі нені е...

Валюталық шарттар бақылауда: Алматы бизнесі нені ескеруі керек

Алматы Бүгін 11:17 47
Валюталық шарттар бақылауда: Алматы бизнесі нені ескеруі керек
РСК Алматы

Құжаттар мен мәліметтерді кешенді түрде салыстырып отырып тексереді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Экспорттық және импорттық шарт бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер банк-есепке алу тіркеуімен мәліметті үнемі салыстырып, міндеттемені орындау мерзімін бақылап, шартқа қатысты деректі уақтылы жаңартып отыруы керек. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматыдағы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Халықаралық салық салу мен валюталық бақылау басқармасының басшысы Айдос Егенов осылай деді.

2024 жылғы 10 қаңтардан бастап мемлекеттік кірістер органдары экспорттық және импорттық операциялар бойынша ұлттық және шетел валютасын репатриациялау жөніндегі заңнамада белгіленген талаптың орындалуын бақылайды. Спикердің айтуынша, мақсаты – валюталық заңнаманың сақталуын, сыртқы экономикалық операцияның ашықтығын қамтамасыз ету.

Тексеру барысында банктік бақылау мәліметі мен сыртқы экономикалық шарт бойынша міндеттеменің орындалғанын растайтын құжат қолданылады.

«Біз тек ақша қаражатының қозғалысын ғана талдамаймыз. Құжаттар мен мәліметтерді кешенді түрде салыстырып отырып тексереді. Олардың қатарында тауарларға арналған декларациялар, тауарды әкелу мен жанама салықты төлеу туралы өтініш, электрондық шот-фактуралар, инвойстар, істелген жұмыс пен көрсетілген қызметтер актілері, банктік үзінді көшірмелер мен сыртқы экономикалық шарт бойынша міндеттеменің орындалғанын растайтын басқа да құжаттар бар», – деді Айдос Егенов.

Егер шарттың деректемелері немесе оның есептік нөмірі қате көрсетілсе, сондай-ақ міндеттемені орындау мерзімі өзгерсе, қосымша салыстырып тексеру қажет болуы мүмкін. Сондықтан қосымша келісім жасалғаннан кейін банк-есепке алу тіркеуіндегі шарт туралы мәліметті уақтылы жаңарту керек.

«Біздің ұстанымымыз бойынша, валюталық бақылау тек бақылау сипатында емес, ең алдымен профилактикалық сипатта болуы керек. Мемлекеттік кірістер органдарының міндеті – заң бұзушылықты тіркеп, жауапкершілік шараларын қолданумен ғана шектелу емес. Бірінші кезекте мән-жайды анықтап алып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушымен байланыс орнатып, заңнамада көзделген жағдайда міндеттеменің тиісінше орындалғанын растауға мүмкіндік беру қажет», – деп толықтырды спикер.

Айдос Егеновтың айтуынша, құжаттарды тұрақты түрде салыстырып тексеру мен өзгерісті уақтылы көрсету алшақтық қаупін азайтып, міндеттемелердің орындалуын қосымша растау қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар бизнес өкілдері де өздерінің валюталық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын уақтылы бақылауы тиіс. Біз экспорттаушылар мен импорттаушыларға банк-есепке алу тіркеуімен мәліметтерді тұрақты түрде салыстырып тексеруді, репатриация мерзімдерін бақылауды, кеден және салық құжатында валюталық шарттың есептік нөмірінің дұрыс көрсетілуін тексеруді, сондай-ақ шарт талаптарындағы өзгерісті уақтылы көрсетуді ұсынамыз. Мұндай алдын алу жұмысы алшақтықтың санын едәуір азайтуға сеп болады», – деп қорытындылады сөзін Айдос Егенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы корей театры 95-ші маусымын «Мұра» премьерасымен ашты

Бүгін 12:01

«Қазселденқорғау» мекемесі мониторинг жүргізіп, жағдайдың тұрақтылығын анықтады

Бүгін 11:05

Қорғаныс министрлігі әскери қызметтегі матростар туралы ақпарат берді

Бүгін 11:00

Қайрат Нұртастың концерті экоакциямен аяқталды

Бүгін 10:55

Алматы ТЖД хабарламасы

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);