Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Вакцина салдырған студенттер сыйлыққа ие болды

Вакцина салдырған студенттер сыйлыққа ие болды

Білім және ғылым 16.10.2021, 09:40 1,385
Вакцина салдырған студенттер сыйлыққа ие болды
Cурет: ҚР Білім және ғылым министрлігі

iPhone маркалы телефон, ақшалай сертификат, бағалы сыйлықтар ойнатылған


Қазақстандық жоғары оқу орындары вакцина салдырған студенттер арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойынын өткізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Білім алушылар арасында жолдама, iPhone маркалы ұялы телефон, ақшалай сертификаттар және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылып жатыр.   
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары білім алушылар мен оқытушылар арасында вакцина алуға ынталандыру шараларын әзірлеген болатын.


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде бүгінгі таңда студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның 99%-ы екпе салдырды. Студенттер және университет қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары мен вакцина алуға ынталандыру шаралары жалғасып жатыр. Бірінші болып вакцина алған білім алушылар оқу ақысы мен студенттер үйінде тұруға жеңілдіктер алды. Сондай-ақ оларға екпе салдырған оқытушылармен бірге фитнес орталығына абонементтер және демалыс базасына жолдамалар, ағылшын тілін оқыту курстарына сертификаттар мен IELTS/TOEFL тестілеуіне дайындық сабақтарына жеңілдіктер берілді.


Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде студенттер арасында Түркістан қаласына жолдама ойнатылды. Студенттер мен оқытушылар түркі әлемінің рухани астанасында болып, ежелгі қаланың көрікті жерлерімен танысты.


Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында вакцина алған студенттер арасында ұтыс ойынының екінші кезеңі өткізілді. 10 студентке кітап сатып алуға арналған 10 мың теңге сомасында сертификаттар берілді. 


Торайғыров университетінде екпе салдырған білім алушылар арасында iPhone маркалы ұялы телефондар, Баянауыл мен Нұр-Сұлтан қаласына жолдамалар, сондай-ақ жатақханада тұруға 50 пайыздық жеңілдіктер және фитнес-залға абонемент ойнатылды. 


Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде вакцина алған 70 студент 10 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат алды. 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде екпе салдырған студенттер арасында шипажайға жолдамалар және 25 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар ойнатылып, ұтыс ойынының екінші кезеңі өткізілді. Сондай-ақ білім алушылар спорттық-сауықтыру лагеріне жолдама алды. 


Павлодар педагогикалық университетінде студенттер 10 мың теңге сомасында ақшалай сертификаттар, кино мен театр билеттері, жол жүру билеттерін ұтып, сондай-ақ жатақханада тұруға 50% жеңілдік алды.


Қостанай өңірлік университетінде вакцинаның толық курсынан өткен студенттер мен қызметкерлер арасында ұтыс ойыны болды. Жеңімпаздар әскери кафедраның оқу ақысына және жатақханада тұруға жеңілдіктер алды. Қызметкерлер арасында «Сосновый бор» сауықтыру орталығына 10 жолдама ойнатылды. 


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мен өмірді таңдаймын!» акциясы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар жоғары оқу орнында оқуға жеңілдіктер, сонымен бірге Нұр-Сұлтан және Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан Баб кесенелеріне, Отырар қалашығына, «Керуен-сарай» кешеніне туристік жолдамалар ұтып алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #Студент #сыйлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика